World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 13.01.2018

Bilim-all 

Алты Наполеон

Скотланд-Ярдта қызмет істейтін тыңшы мистер Лестрейд кешкілік уақытта ара-тұра бізге жүз көрсетіп қоятын. Шерлок Холмс оны қуана қарсы алатын, өйткені Лестрейд сан қилы полициялық жаңалықтарды ала келетін, ал бұған дән риза Холмс тыңшыға тапсырылған істердің жай-жапсары жайындағы егжей-тегжейлі әңгімеге соның өтеміне ықыласпен құлақ қойып, оз тәжірибесінің асыл қазынасы мен ұланғайыр білім танымынан туындап жататын ақыл-кеңесін оған елеусіз түрде құлаққағыс етіп отыратын.

Bilim-all 

Қара питер

Досымның дәл 1895 жылғыдай күш-қайраты тасып, рухани әлеуеті артқан кезін ешқашан көрген емен. Атағы күннен күнге кең жайылып, атқаратын істерінің ауқымы ұлғайған үстіне ұлғайып жатты.

Казинформ 

Талдықорғандағы перинаталдық орталыққа 27 млн теңгенің аппараты сыйға берілді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа жалпы құны 27 млн 104 мың теңге тұратын  екі аппарат сыйға берілді. Мұндай қайырымдылықты Болат Өтемұратовтың қоры жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Алматы-1 темір жол вокзалынан адамдарды шұғыл шығарған

Қаңтардың 13-і күні Алматы-1 темір жол вокзалы аумағынан табылған "күдікті қорапқа" байланысты адамдарды эвакуациялаған деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Tengrinews.kz және newtimes.kz сайттары Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті зат табылған жерге барлық жедел қызметтер барған. "Жалпы саны 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Темір жолда тұрған төрт жолаушы пойызындағы жолаушылар да эвакуацияланды. Читать дальше...

Казинформ 

Димаш Құдайбергенді Ақтөбеде ХҚКО-да қалай қабыл алды?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтөбеде ХҚКО-ға барып, шетелге шығу үшін паспорт рәсімдетті. Сондай-ақ, ол онда өз жанкүйерлеріне қолтаңба таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Ресей Қырымға тағы бір С-400 кешені дивизионын орналастырды

Ресей аннексиялап алған Қырым территориясындағы Севастополь ауданы маңына С-400 жаңа зениттік-зымыран кешені дивизионын орналастырған. Бұл туралы бүгін ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады. Сәрсенбіде Севастопольден сайланған депутат Дмитрий Белик Мемлекеттік дума отырысында түбектің әуе шабуылына қарсы қорғанысын күшейту "украиналық зымыран қаруын жасаушыларға ескерту" деп мәлімдеген. Бұдан тура бір жыл бұрын да Ресей аннексиялап алған түбектегі Феодосия ауданына С-400 кешендерін орналастырған болатын. Читать дальше...

Bilim-all 

Үй жинауды жеңілдететін 13 интерьерлік қулық

Күнделікті үй жинау — демалыс күннің қымбат уақытын бөлуге қия бергің келмейтін тұрмыстың жағымсыздау міндеті. Үй жинау көп уақытыңызды алмас үшін Bilim-all.kz сіздерге 13 интерьерлік қулықты жинады.