World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 07.01.2018

Казинформ 

Тегерандағы Азия чемпионатында кімдерге үміт арта аламыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан жақын арада өтетін ең ірі халықаралық жарыс деп, жабық кешендегі Азия чемпионатын айтуға болады. Еліміздің жеңіл атлетика құрамасы қазіргі кезде осы додаға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазақстандық теннисші ATP турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Бангкок (Таиланд) қаласында ATP Challenger турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис  федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Татарстан тұрғындары аспандағы жарықтың қайдан шыққанына бас қатыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті тұрғындар Татарстанның бірқатар қаласының аспанында байқалған ерекше жарқылдың видеосын әлеуметтік желіге жүктеуде. Олардың айтуынша құбылыс 7 қаңтарда сағат 0:20 шамасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazanfirst.ru сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Ердоған Ыстанбұлдағы «Темір шіркеуді» ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі дініи сенімді қорғайды, деп мәлім етті президент Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлдағы қалпына келтірілген Қасиетті Стефан шіркеуінің ашылу салтанатында. Оны көпшілік «Темір шіркеу» деп те атайды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Azattyq.org 

Стокгольм метросындағы жарылыстан 2 адам жараланды

Жексенбі күнде Стокгольмдегі  ​"Варбю Гард" метро стнациясының кіреберісіндегі жарылыстан екі адам жараланды. Оның бірі қатты жарақат алған.  Полиция мәліметіне қарағанда, шамамен 60 жастағы адам жерден әлдебір затты көтерген кезде жарылып кетіп, салдарынан ол ауыр жарақаттанған.  Соңынан жараланған адам ауруханаға жеткізілген. Екінші жарақат алған 40 жас шамасындағы әйел адам да ауруханаға жеткізілгенімен, оның жағдайы туралы әзірге хабарланбады. "Варбю Гард" метросын қазір полицейлер қоршап алған. Читать дальше...

Казинформ 

Стокгольмде метрода жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде Швеция астанасының жанындағы  Ворбю кентінде метродағы стансада болған жарылыстан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Казинформ 

Бейжіңдегі Олимпиадаға дейін әйелдер хоккейінде өзгерістер болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық хоккей федерациясы кеңесінің мүшесі (ХКФКМ) және әйелдер хоккейі ұйымы  комитетінің басшысы Сюзанна Колбенхойер Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Олимпиада ойындарында командалар санын онға дейін көбейткісі келетінін мәлім етті, деп хабарлайды sport-express.ru.

Azattyq.org 

Иран: экс-президент Ахмадинежадтың ұсталғаны хабарланды

Иранда 2005-2013 жылдар аралығында президент болған саясаткер Махмұд Ахмадинежадтың ұсталғаны хабарланды.  Бұл туралы Лондонда шығатын арабтілді Al-Quds Al-Arabi басылымы өзінің сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлаған. Экс-президенттің қашан, қалай, қандай жағдайда ұсталғаны айтылмайды. Тек оның ұсталу себебі билікке қарсы наразылық басталғанда ел оңтүстігіне сапарында "тәртіпсіздікті қоздыруы" мүмкін екені хабарланған.  Махмуд Ахмадинежад Иранда билікке қарсы шеру басталған 28 желтоқсан... Читать дальше...

Azattyq.org 

Иран билігіне қарсы сырттағы наразылық

Иранның сырт  елдердегі елшіліктері мен консулдықтары алдында наразылықтар өткізілді. Жиналғандар қазіргі биліктің экономикалық, ішкі-сыртқы саясатын сынап, тақтан кетуін талап еткен. Наразылыққа шыққан адамдардың кейбірі Иранға конституциялық монархияның қайта оралуын, тағы бірі басқа да саяси топтардың Иран билігіне келуін қалайтынын білдірген.

Казинформ 

Стокгольм метросында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Швеция астанасы Стокгольдегі Худдинге ауданы аумағындағы Ворбю метро стансасы жанында болған жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті.

Казинформ 

Ирандағы жер сілкінісінен 50-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Иранның батысындағы Керманшах провинциясында магнитудасы 5,1 болған  жер сілкінісінен сардап шеккендер саны 51 адамға жетті, деп хабарлайды IRNA  агенттігі жергілікті әкімшілік өкіліне сілтеме жасап.