World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 24.01.2018

Казинформ 

Сал ауруы емделеді: Оңтүстік дәрігерлері неміс тәжірибесін үйренуде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы келген неміс дәрігерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын дамытуды үйретуде. Халықаралық дәрежедегі тренерлер өңірдегі оңалту орталықтары мамандарын «Кинестетикс» ғылымы бойынша оқытып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Талдықорғанда пилоттық жоба негізінде жаңа пән енгізілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясында пилоттық жоба негізінде жаңа пән енгізілді. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабағы аптасына бір рет 10-шы сынып оқушыларына оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақорда қақпасын көлікпен соққан полицейге сот үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ақорда қақпасына көлікпен соғылған ішкі істер қызметкерлер ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Azattyq.org 

Жоғарғы сот Әли Ферузды Ресейден шығару шешімін жойды

Ресей Жоғарғы сот "Новая газета" басылымының журналисі Әли Ферузды Ресейден шығару туралы шешімнің күшін жойып, істі Мәскеу қалалық сотына қайта қарауға жолдады. Осылайша сот Әли Феруздың талабын жартылай қанағаттандырды. Жоғарғы соттың пікірінше, Феруз ісін қарау кезінде оның уәжі "дұрыс ескерілмеген". Жоғарғы сот Мәскеу қалалық сотына Германия елшілігінің хатын ескеруге кеңес берді. 2017 жылы 4 тамызда жазылған бұл хатта Ферузға Германияға баруына рұқсат берілгені айтылған. Желтоқсаның соңында... Читать дальше...

Казинформ 

Сапарбаев ірі мұнай компаниясына ұсыныс айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі мұнай-газ компания өкілдерімен кездесіп, ұжымдық келісімшарттың орындалуын талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Текелі моноқаласында экстрималды туризм нысаны салынады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі моноқаласында экстрималды спорт түрлеріне арналған туризм нысаны салынады деп жоспарлануда. Ол жерде қарда жүретін көлікпен, квадроциклмен  серуендеуге болады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Кастамону - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтті

КАСТАМОНУ.ҚазАқпарат - Түркияның Кастамону қаласында 2018 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қарағандыда облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды. Экспозиция мұражайдың 30 жылдығына арналады жәнеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілуде, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Шымкент қаласының әкімдігі жұртшылықты қатты аязда мейірімділік танытуға шақырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі жұртшылықты қатты аязда мейірімділік танытуға шақырды. Бұл туралы әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Теміртауда "қара қардың" себептері айтылды

Бүгін Қарағанды облысы Теміртау қаласында  "қара түсті қарға" байланысты мамандар, тұрғындар, "АрселорМиталл Теміртау" компаниясы, жергілікті билік және Энергетика министрлігі өкілдері қатысқан жиналыс өтті. Кеш аяқталған жиында қардың ластануының негізгі себебі ретінде «АрселорМиттал Теміртау» металлургия зауыты мен ауа райының қолайсыздығы аталды. - Қардың қара түске боялуына бірнеше фактор әскер еткен. Бірінші кезекте, әрине, ауа райының қолайсыздығы. Енді ауа райы нашарлаған кезде барлық өндіріс... Читать дальше...

Казинформ 

Қарағандыда 25 қаңтарда мектептерде сабақ болмайды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 25 қаңтар күні -35 градусқа дейін үскірік аяз болады деп күтілуде. Осыған байланысты Қарағандының барлық орта білім беру мектептерінде 0-11 сыныптар үшін сабақтар болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.