World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 01.04.2017

Казинформ 

Денис Тен 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында 16-орын алып, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Казинформ 

Әйгілі ақын Евгений Евтушенко 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі орыс ақыны, 150-ге жуық еңбектің авторы Евгений Евтушенко 85 жасқа қараған шағында АҚШ-тағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Казинформ 

Париж маңында жойқын жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж маңындағы Вильпент коммунасында жойқын жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл лаңкестік емес, қайғылы оқиға, деп жазады Express.

Bilim-all 

20 жасар Атыраулық математик ғасырлар бойы шешілмей келген есептің шешуін тапқан

Ақылбек КӨПЖАСАРОВ 20 жаста. Ол ата-анасымен бірге екі бөлмелі үйде тұрады. Оргтехника дүкенінде кеңесші болып жұмыс жасайды. Аңғал математиктің көне замандағы әйгілі үш есептің біреуін - бұрыштың үшсекциясы (трисекция) туралы есептің шешуін тапқанын білмесек, қарапайым ғана жігіт. Бұл фактіні Филдс сыйлығы комитеті мен Еуропа математика қоғамы растаған.

Казинформ 

Намазxаналар қоғамдық орындарда қайта ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ғибадат ету бөлмелері (намазхана) мен діни әдебиеттер сататын кітап дүкендеріне қойылатын талаптарды қайта қарап шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Дін істері комитетіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Министр Элизабет Тұрсынбаеваны Олимпиадалық жолдамаларымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәнерлеп сырғанаудан Қысқы Олимпиадаға екі бірдей жолдама ұтып алған Элизабет Тұрсынбаеваны құттықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Қанат Ислам рингте кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті

АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA fedelatin, WBO intercontinental чемпионы Қанат Ислам мен  WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов Алматы қаласының «MD бокс» залында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Серік Ахметов пен оның сыбайластарына мемлекетке 17 млн теңге қайтару міндеттелді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Қарағанды қаласы әкімінің талабын қанағаттандырып, экс-премьер-министр Серік Ахметов пен  бұрынғы төрт шенеуніктен 17 миллионнан астам теңгені өндіріп алуды үкім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.