World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 30.04.2017

Казинформ 

БелАЗдың жарылған доңғалағы Toyotaны жермен-жексен етті

АСТАНА. ҚазАқпарат  - РФ Кемерово облысында БелАЗдың ағытылып алынған үлкен доңғалағына ауа үрлеп жатқан кезде жарылып кетті. Жүк көлігіне техникалық қызмет көрсеткен жұмысшылар камерадағы қысымды дұрыс есептемеген. 

Казинформ 

Ақтөбедегі су тасқынынан соң 17 адамнан тұратын бір әулетке 30 мың теңге берілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Махамбетовка ауылында тұратын Қырқынбаевтар әулеті қазір тума-туыстың, таныстарының үйін жағалап жүр. Үйдің үлкендері сыз басқан баспаналарына қайта оралды. 

Казинформ 

Құсбегі Бақытжан Жүнісовтің қолынан шыққан ат әбзелдері таңдай қақтырды - Павлодар облысы

 АСТАНА. ҚазАпарат - Павлодардағы орталық алаңда кеше ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне келген жұрт баянауылдық құсбегі Бақытжан Жүнісовтың қолынан шыққан ат әбзелдері бұйымын қызыға тамашалады.

Казинформ 

1 мамырда Астанада ұйымдастырылатын мәдени-бұқаралық шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні елордада қалалық алаңдарда, тұрғын үй алаптарында және концерт залдарында бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Казинформ 

Бокс: Мексикалықтар Сойлыбаевтың жеңісін жер тепкілеп қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық жанкүйерлер Бекман Сойлыбаев пен  (11-0, 4 КО)  Самуэл Гонсалестің (13-5, 9 КО) айқасында төрешілердің жеңісті қазақстандыққа бергеніне қатты қарсылықтарын білдірді, деп жазады Sports.kz.

Казинформ 

Мереке күндері Павлодар гарнизоны күшейтілген режімге көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы Данқ саябағында мереке күндері өңірімізде қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалау бағытында қызмет ететін полиция қызметінің кешенді күшінің жалпы гарнизондық ауысымы өтті.

Bilim-all 

Әлемдегі розеткалар неліктен әр түрлі

Біз қашан саяхатқа шықпайынша, күнделікті розетка секілді заттар жөнінде ойлана бермейміз. Оны біз үйіміз секілді жайларда күнделікті смартфонды қуаттауда немесе фенді қолдануда пайдаланамыз.

Казинформ 

Алматыда ЭКСПО-ға арналған веложарыс өтті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған веложарыс өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Казинформ 

«Астана» велокомандасы қаза тапқан велошабандозына құрмет көрсетті


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы жақында қаза тапқан велошабандоз Микеле Скарпонидің жарыс нөмірін ешкімге бермей, оған құрмет көрсетті. Осылайша, Джиро д'Италия бәсекесінде команда құрамында 8 шабандоз өнер көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Турецкий хоры мен 300 биші алматылықтарға өнер көрсетеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Алматының 8 ауданында дәстүрлі салтанатты іс-шаралар өтеді. Бас сахна Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында құрылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Германияда швейцариялық тыңшы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия полициясы Франкфурт-на-Майнда 54 жастағы Даниэль М. есімді Швейцария азаматын ұстады. Германия билігі оны 2012 жылдан бері ГФР аумағында тыңшылық қызмет атқарған деп есептейді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлайды.

Казинформ 

Ассамблея Төрағасының орынбасары қызметіне құрылысшы мен ұста сайланды - тағайындаулар


АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада орталық мемлекеттік органдар мен компанияларда ауыс-түйістер болды. Соның бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының тағы екі орынбасарын тағайындау. Аталған ұйымның XXV сессиясында Президент Назарбаевтың өзі тиісті құжатқа қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Арын Өрсариев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Жаңа жүйе медицина саласындағы «таныс-тамырластыққа» да төтеп бере алады - Алмаз Шарман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау саласының белді маманы, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарманның ойынша, елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт келді. Осы жолы бұрынғы қателіктер қайталанбайды. Себебі отандық медицина аталған жүйеге әбден дайын. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Алмаз Шарман сақтандыру жүйесін енгізудің өзектілігі жайында айтып берді.

Казинформ 

Техаста торнадодан 5 адам көз жұмды


АСТАНА. ҚазАқпарат Сенбі күні кешке Американың Техас штатында болған бірнеше жойқын торнадодан кемі 5 адам көз жұмып, 50 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Казинформ 

Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионы атанған спортшыларға құрмет көрсетілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен тоғызқұмалақтан Қазақстан командалық чемпионатында жеңімпаз атанған БҚО құрамасы мүшелерін қабылдап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Үстіртке баратын экспедиция Ақтаудан жолға шықты


АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау түбегінде бір аптаға жуық болатын экспедиция бүгін Ақтау қаласынан аттанды. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстан Солтүстік Корея мәселелері бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің министрлік дебаттарына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 сәуір күні Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Американың төрағалығымен «Ядролық қаруды таратпау/КХДР» тақырыбында министрлік деңгейдегі ашық тақырыптық пікірталастар өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайты.

Казинформ 

Қырғызстанда 30 сәуір қаралы күн болып жарияланды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «2017 жылдың 30 сәуірін Қырғыз Республикасындағы аза тұту күні ретінде жариялау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды knews.kg.

Казинформ 

Қазақстандық джиу-джитсудан халықаралық турнирде қола жүлде алды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Jiu-Jitsu Grand Slam Paris Open JJIF 2017 халықаралық турнирінің бірінші күні Қазақстан құрамасына алғашқы қола медальды маңғыстаулық спортшы Әбубәкір Жәнібек салды, деп хабарлайды Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Бокшы Владимир Кличко британдықтан ұтылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF нұсқасы бойынша әлемнің сперчемпионы, сондай-ақ WBA және IBO белдіктері бойынша британдық Энтони Джошуаға қарсы шыққан Украина боксшысы Владимир Кличко ұтылды. Матчтың он бірінші раундында төреші жекпе-жекті тоқтатты, деп хабарлайды dw.com.