World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 08.04.2017

Казинформ 

Қазақстандық Болгариядағы турнирде үздік боксшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын Қазақстанның бокстан жастар құрамасы Болгария астанасында Эмиль Жечевті еске алу турниріне қатысып, үш алтын, бір күміс және үш қола медаль ұтып алды.

Казинформ 

Жексенбіде еліміздің көп бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 сәуірде еліміздің барлық аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс аймағының кей жерлерінде жаңбыр жауып өтеді. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Британдық жазушы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов белгілі британдық жазушы және Ұлыбританияның мемлекеттік қайраткері Джонатан Айткенге «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін табыстады.

Казинформ 

Өскеменде жаңа цех жанып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Өскемендегі айналма жолдың бойында орналасқан «Мелисса» ЖШС-ның OSB тақта жасайтын цехы өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ОҚО іскерлік климатты қалыптастыруда үздік үштікке кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы іскерлік климатты қалыптастыруда республика бойынша үздік үштікте. Астана қаласынан кейін үшінші  орынға тұрақтаған өңірдің шағын және орта бизнесті дамытудағы қарқыны жоғары. 

Казинформ 

Дэвис кубогы: Қазақстан теннисшілері Қытай командасын ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Дэвис Кубогының Азия/Мұхит аймағы I тобында ойнайтын Қазақстан мен Қытай құрамаларының арасында жұптық разрядтағы ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Елші Сейтімов тәжік-ауған шекарасында мерт болған қазақстандық жауынгерлер рухына тағзым етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбеде 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күзету бойынша әскери борышын өтеу барысында мерт болған қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 

Казинформ 

Трамптың немересі Си Цзиньпинге арнап қытай тілінде ән шырқады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың бес жасар немересі, Иванка Трамп пен Джаред Кушнердің қызы Арабелла Кушнер Флорида штатындағы "Мар-а-Лаго" поместьесіне келген  ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге арнап қытай тілінде ән шырқап берді.

Казинформ 

Ғарышкер Георгий Гречко өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 сәуірге қараған түні ғарышкер Георгий Гречко бақилық болды, деп хабарланды "Новости космонавтики" журналының сайтында.

Казинформ 

Таяу Шығыс елдерінің АҚШ-тың Сирияға әскери соққысына көзқарасы қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат  - АҚШ қарулы күштері Сирия үкіметтік жасағының әскери базасы орналасқан Хомс провинциясы аумағын 59 зымыранмен атқылаған болатын. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі Таяу Шығыс елдерінің бұл шабуылға қатысты пікірлерін зерделеп көрген болатын.

Казинформ 

Жұлдыздардың соқтығысқаны жайлы бейнеролик көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колорадо университетінің астрофизиктері Орион тұмандығындағы екі кішігірім протожұлдыздардың соқтығысу іздерін тауып алды. Жарылыс фотосуреті көрсетілген бейнеролик Еуропа оңтүстік обсерваториясының YouTube арнасында жарияланды.

Казинформ 

Елбасы Швеция Короліне Стокгольмде болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Техаста аурухана пациенті реанимобильді ұрлап әкетіп, полициямен жарысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатында (АҚШ) жергілікті аурухананың жедел жәрдем бөлімінде ем қабылдаған 18 жастағы Армандо Винаджа медициналық мекеме ауласындағы реанимобильді ұрлап әкеткен және сағатына 160 шақырым жылдамдықта полициямен жарысқан. 

Казинформ 

Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы мəдениет қалыптастыру марафоны жалғасуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы мəдениет қалыптастыру бойынша марафон өтуде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.