World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 03.04.2017

Казинформ 

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауып, кей жерлерде көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс  аймағының кей жерлерінде жауын-шашын, тек республиканың онтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік және солтүстік-батыста бұрқасын болады.

Казинформ 

Санкт-Петербургте үш тәулік қаралы күн жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург әкімшілігі метрода болған жарылыстан кейін сейсенбіден бастап үш тәулік қаралы күн жариялады. Бұл туралы қала губернаторының баспасөз хатшысы Андрей Кибитов Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Казинформ 

Тоқаев Санкт-Петербург метросында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург метрополитеніндегі жарылыстың салдарынан құрбан болғандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Казинформ 

ҚР Елшілігі Санкт-Петербургте зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі ҚР Елшілігінің өкілдері Санкт-Петербургтағы метрода болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шегушілердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты тексеруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Казинформ 

Еуроодақ Сирия бойынша Астана процесінің қосқан үлесін мойындады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ Астанада өткен кездесулердің бітімгершілікті қалпына келтіріп, соғыс қимылдарын тоқтату режимін сақтау және оны бақылауда ұстау бойынша үшжақты тетікті құруға қосқан үлесін мойындады. Бұл туралы дүйсенбі күні Люксембургте қабылданған ЕО сыртқы істер кеңесінің қорытынды құжатында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Казинформ 

Шағын мұнай өңдеу зауыттары жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ете алмайды - Әсет Мағауов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары тап болған кедергілер жайында әңгімеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымның әлеуеті өте зор - Назарбаев

БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымының әлеуеті өте зор. Бұл туралы бүгін Бакуге жасаған ресми сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

БТА банктің басшылығы өз қызметкерлерін Қазақстаннан кетуге мәжбүрлеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтің ісі бойынша сотталушылардан жауап алу басталды. Бірінші болып, сот алдында БТА банктің несиелеу бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Санкт-Петербург метросында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Санкт-Петербург қаласының метросының «Сенная площадь» бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Казинформ 

Қостанай облысы инвесторларға 157 жобаны таныстырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы инвестиция тарту үшін тың мүмкіндіктерге жол ашу бағытында ұдайы белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осыған байланысты 5-сәуірде Астана қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде дипломатиялық корпус үшін Қостанай облысының инвестициялық тартымдылығына арналған форум өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Казинформ 

Нарық қатысушылары бензинді қай валютада сатып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифингте «Гелиос» ЖШС Логистика жөніндегі директоры Артур Нам журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ресейден жанар-жағармайды қай валютада сатып алатындарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Елбасы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізді.

Казинформ 

Дмитрий Васильев айына 4 миллион теңге жалақы алып отырған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында «Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Ескендірбек Махановқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Қазақстан РТРК» Ақмола облыстық филиалының басшысы тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин республикалық медиа-ресурстардың меншікті тілшілері мен облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Батысқазақстандық оқушылар республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық оқушылар Ақтау қаласында гуманитарлық пәндер бойынша өткен республикалық пәндік олимпиададан жүлдемен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан мен Әзербайжан 2-3 жылда сауда айналымын өсіруге ниетті

БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшыларының кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Казинформ 

Астанада жанармай бағасы қалай түзілетіні түсіндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы мұнай өнімдерінің құны Орталық Азия елдерімен салыстырғанда 30-40 пайызға арзан. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директорының операциялық басқару бойынша орынбасары Нұркен Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

«Болашақ» түлектерін қызметте әрдайым көтермелейтін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік хатшысы, мамандарды шетелде даярлау республикалық кеңесінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

Хоккей: «Торпедо» финалда кіммен кездесуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Өскемен қаласының «Торпедо» хоккей клубы өз қарсыласынан 3:1 есебімен басым болып тұр. Енді бір рет жеңіске жетсе, финалға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.