World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 20.04.2017

Казинформ 

«ҚазМұнайГаз» АИ-92 маркілі бензиннің бағасын арзандатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «ҚазҰнайГаз» май құю стансаларында АИ-92 маркілі бензиніне деген бағаның бөлшек саудадағы бағасының төмендегені туралы хабарлады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды. 

Казинформ 

Дортикоспен кездесу кейінге қалды, өкінішті әрине -Шүменов

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA дәрежесі бойынша қазақстандық әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтың WBA дәрежесі бойынша уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы 29 сәуірге жоспарланған кездесуі қазақстандық спортшының жарақат алуына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Олимпиада жүлдегерлері әскерилерге шеберлік сағатын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Қарулы Күштерінің 25-жылдығы аясында ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласында басталған «Спорттық десант» акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының атақты спортшылары «Жас Ұлан» мектептеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне барды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Астанада су тасқынынан зардап шеккен балаларға көмек ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл - Зағипа Балиеваның бастамасы бойынша, Қарағанды және Ақмола облыстарына гуманитарлық көмек ретінде екі жүк көлігі жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

ШҚО-да 60 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жер заңнамасына қатысты талаптардың орындалуына байланысты жүргізілген тексеруден соң ауыл шаруашылығына қажетті 63,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Казинформ 

ҚР ҰҚК: ОҚО мен Ақтөбе облыстарында 4 радикалды топтың қызметінің жолы кесілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында 4 радикалды топтың қызметінің жолын кесті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Казинформ 

Қазатомөнеркәсіп мамандары Франция кәсіпорындарында болып қайтты.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазатомөнеркәсіптің бір топ жас мамандары ядролық отын циклының (ЯОЦ) барлық буындарына қатысатын әлмдегі санаулы компаниялардың бірі - Франциядағы AREVA Inc. компаниясының кәсіпорындарында болып қайтты.

Казинформ 

Футболдан «Елорда көктемі» балалар турнирі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  23 сәуір күні «Тарлан Арена» спорт кешенінде 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында «Елорда көктемі» балалар турнирі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ғалымдар Ежелгі Мысырдың Патшалар алқабындағы «ерекше оқиға» туралы мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырлық археологтар командасы ежелгі египеттіктер фараондарды жерлеген аты аңызға айналған Патшалар алқабының маңынан бірнеше мумиясы бар мазарды тапты.

Казинформ 

Ғалымдар Антарктиканы киттің көзімен көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның Антарктикалық бөлімшесінің ғалымдары Хобартта Антарктида маңындағы крильмен қоректенетін үш бүкір киттің арқасына видеокамера орнатты.

Казинформ 

Америкалық жартылай ауыр салмақтағы боксшы Альваресті Головкинмен айқасқа шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы  кіші Томас Уильямс (20-3, 14 КО) мексикалық Сауль Альварес «Канело» (48-1-1, 34 КО) мен қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО)  жекпе-жегінің биыл өтетіндігіне үмітті, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

Қазақстан тәжік нарығына құны 3 млн. долларды құрайтын пластикалық құбырлар жеткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің көмегімен және  «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы мен аталған елдің сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен бизнес форум форматындағы қазақстандық кәсіпкерлерінің сауда миссиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Жамбыл облысында ондаған үйлер мен шипажайларды су басты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының аумағында Аса өзенінің суы жағалауды шайып кетті, сондай-ақ бірқатар елді мекендерде жер асты суларының көтерілуі байқалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Астанада ядролық қарусыздану жөніндегі конференция болады

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының Бас хатшысы Котта Рамусино Паолоны қабылдады. Кездесу барысында 2017 жылы Қазақстанда Пагуош конференциясын өткізу мәселелері қаралды.

Казинформ 

Қазақстандықтар Брюссельдегі жас пианиношылар конкурсына қатысуда

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгия астанасында қазақстандық музыкантшылар «Merci, Maestro!» халықаралық жас пианиношылар конкурсына қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да үш этноқалашық салынады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында үш этноқалашық салынады. Дүниежүзілік талаптарға сай қалашықтар Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданында бой көтереді.

Казинформ 

Әлсіз банктер Қазақстан нарығынан кетіп, кіл мықты банктер қалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның қаржы жүйесі белгілі бір сынақтарды бастан өткеріп жатқаны анық. Оның үстіне соңғы кездері еліміздің екінші деңгейлі банктері арасында «бірігу», «сатылу» секілді мәселелер жиі айтыла бастады. Сарапшылар пікіріне сүйенсек, Қазақстанның банк секторын үлкен өзгерістер күтіп тұр.