World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 13.04.2017

Казинформ 

Латын әліпбиіне көшу шұбар тілден арылуға мүмкіндік береді - Ж. Теберіков

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Латын әліпбиіне көшу шұбар тілден арылуға мүмкіндік береді.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай талдықорғандық зейнеткер, тіл жанашыры Теберіков Жекен Молдағалиұлы осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Казинформ 

14 сәуірде ел аумақтарының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр  жауады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Казинформ 

Ақтөбелік тергеушілер жалған жер актілерін жасағандарды таба алмады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат  - Ақтөбелік полиция қызметкерлері жалған жер актілерін жасап, қарапайым адамдарды алдап кеткендерді таба алмады. Қылмыстық іс қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Амангелді Айталы: Ұлттық құндылықты насихаттау - өркениет құндылықтарынан бас тарту емес

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері Амангелді Айталы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөзде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Өскеменде емдеу мекемесінің аумағынан қауіпті медициналық қалдықтар табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қауіпті затты 12 сәуір күні рейд жүргізіп жүрген экологиялық күзет өкілдері тапты. Дәке таңғыштар, дәрілік заттардың бөтелкелері мен қаптамалары тұрмыстық қоқыспен араласып жатқан, деп хабарлайды YK-news.kz.

Казинформ 

Lautten Compagney оркестрі мен флейташы Maurice Steger ЭКСПО-2017 алаңында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Lautten compagney оркестрі Германиядағы ең үздік музыкалық ұжымдардың бірі. Бұл өнер ұжымы әлемдегі ірі концерт алаңдарында концерттер беріп, гастрольдік сапарға жиі шығып тұрады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК PR-департаменті хабарлады. 

Казинформ 

Қаржаубай Сартқожаұлы: Латын әліпбиін құрастыруда дыбыстардың жоғалуына жол бермеу қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа латын әліпбиін құрастыруда төл дыбыстарды жоғалтып алуға жол бермеу қажет. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институтында өткен дөңгелек үстелде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Түркітану, алтайтану ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы осындай пікір білдірді.

Казинформ 

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникалары талапқа сай жаңартылмай отыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі алқасының кезекті отырысында ауыл шаруашылығы техникаларын көктемгі егін жұмыстарына дайындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

БҚО-да 898 баланың ата-анасы екпеден бас тартып отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында балаларды екпемен қамту көрсеткіші 97 пайыз болғанымен, 898 баланың ата-анасы екпеден бас тартып отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында «Балалар арасында вакцинацияны ұйымдастыру, екпеден бас тарту мәселелері» деген тақырыпта Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Гүлшат Құлниязованың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Читать дальше...

Казинформ 

Қазақстан мен АҚШ-тың әскери инженерлері бірлескен жаттығулар өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштері делегациясының кездесуі барысында минасыздандыру жұмыстарын дамыту аясындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Екі елдің мамандары Қазақстан Қарулы Күштерінің минасыздандыру орталығы мен «Берег» оқу-жаттығу орталығын дамытуға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қарағандыда қатерлі ісік пен қан ұюды емдеудің дәрілері өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысына сапары барысында бірқатар денсаулық сақтау нысандарына, мемлекеттік және жеке клиникаларға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

ОҚО дәрігерлері алғаш рет жүрек алмастыру отасын жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда алғаш рет жүрек оталары жасалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Берік Әбдіғалиұлы: Алашорданың 100 жылдығын кеңірек атап өтуге үлес қосу керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар мен қоғам қайраткері Алашорданың 100 жылдығын кең көлемде атап өтуге үлестерін қосуы тиіс. Бүгін қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстанда 3 күн ішінде 1874 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 74 адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің аумағында сәуірдің 10-ынан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

ОҚО-да заңсыз көші-қон мәселесі өзге өңірлермен салыстырғанда күрделірек

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қон мәселесі өзге өңірлермен салыстырғанда күрделірек. Оған негізгі себеп - өңірдің орналасу ерекшелігі. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрдәулет Төлегенұлы мәлімдеді.