World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 06.04.2017

Казинформ 

7 сәуір күні ел аумақтарында тұман түсіп, жел күшейеді


АСТАНА. ҚазАқпарат   - 7 сәуір күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болуы ықтимал. 

Казинформ 

Алматыда футзалдан Еуропа Чемпионатының негізгі іріктеу турнирі өтеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 8-11 cәуірі аралығында Алматыда футзалдан Еуропа Чемпионатының негізгі іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстанның футбол федерациясынан.

Казинформ 

Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары қамауға алынды


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 200 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Вадим Магамадов тұтқындалып, тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Bilim-all 

Көзге арналған йога: көзіңіздің қырағылығын арттыратын 8 қарапайым жаттығу

Бұл жаттығулар шаршағанды басып, көз қырағылығын жақсартып, адамның рахаттануына әкеледі. Сіз оларды үйде де, жұмыста да істей аласыз: небары бірнеше минут уақыт бөліп, тыныш бір бөлме тапсаңыз жетерлік. Ең бастысы, бұл жаттығуларды күн сайын жасау қажеттілігін ұмытпаңыз.

Bilim-all 

Нұрлан Ноғаев жеті хан жатқан Сарайшыққа үйінді деп қарауға болмайтынын айтты

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жеті хан жатқан Сарайшыққа үйінді деп қарауға болмайтынын айтты. Бұл туралы аймақ басшысының “Қазақстан” Ұлттық арнасындағы “Басты тақырып” бағдарламасына берген кешегі сұхбатында белгілі болды.

Казинформ 

Шекара аймағындағы жер кәсіпкерлерге берілмейді - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара аймағындағы жер кәсіпкерлерге берілмейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгертулер туралы баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжаxан Бимендина мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

БҚО-да 100-ге жуық баланы күйік шалған

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында балалар арасында жарақат алу азаяр емес. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғасынан және тұрмыстық жарақат алудың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Санкт-Петербургте теракт кезінде қаза тапқан Максим Арышевпен қоштасты

МӘСКЕУ-САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - 3 сәуір күні метродағы лаңкестік салдарынан қаза тапқан Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің студенті - 22 жастағы қазақстандық Максим Арышевтің достары мен туыстары онымен қоштасу үшін «Сенная площадь» метро стансасына жиналды.

Казинформ 

Жалға берілетін жер аумағының ең жоғары мөлшері белгіленеді

Астана. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғарғы мөлшерін қалай есептеп шығаратындарын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қызылордада жастардың өмір сүру салтына қатысты республикалық конференция өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Жастардың денсаулығы мен өмірлік дағдылары: заманауи тәсілдер және озық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Санкт-Петербургте тұрғын үйдегі жарылғыш зат залалсыздандырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте тұрғын үйде жарылғыш зат залалсыздандырылды. Бұл туралы журналистерге Невский ауданы әкімшілігінің басшысы Константин Серов айтты, деп хабарлады ТАСС.

Bilim-all 

Балабақшалардағы кадр тапшылығы жалақының төмендігінен - Суханбердиева

Балабақшалардағы кадр тапшылығы жалақының төмендігінен орын алып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте мектепке дейінгі оқыту қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.

Казинформ 

Футбол: «Ақжайық-2006» командасы Тараздан жеңіспен оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақжайық-2006» командасы футболдан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жапар Сауырғалиевті еске алуға арналған 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында Таразда өткен республикалық турнирден жеңіспен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Казинформ 

«КазМедТех» АҚ Қарағанды ауруханасына бірегей жабдық жеткізді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алғаш рет Қарағанды облысындағы мемлекеттік ауруханада «КазМедТех» АҚ берген құрылғымен тіліксіз урологиялық ота жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Петербург метросында тұтандырғышы және тротил іздері бар граната табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербург метросының «Приморская» стансасында жолаушылардың бірінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тротил іздері бар граната табылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Казинформ 

Гүлшара Әбдіқалықова Масдар ғылым және технологиялар институтының ректоры Бехжат әл-Юсуфпен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Масдар ғылым және технологиялар институтының (БАӘ) ректоры Бехжат әл-Юсуф ханыммен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

БҚО-да 136 мектеп музейі жұмыс жасайды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 136 мектеп музейі жұмыс жасайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фомин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Казинформ 

Ерлан Қариннің ұсынысымен өтетін байқау биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ерлан Қариннің ұсынысымен саясаттану мамандығы бойынша білім алатын студенттер арасында өтетін байқау биылдан бастап республикалық деңгейде өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ЖОО баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Қызылорда бизнеске қолайлы қалаға айналуы тиіс- Жақсылықов.

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов қала әкімдігінде өткен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған мәжілісте айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.