World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 06.06.2017

Казинформ 

Нұра ауданының әкімі мал ауруына байланысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданының екі елді мекенде ірі қара мал ауруы анықталған. Мыңбаев атындағы ауылда 21 ірі қара төлдерімен қоса қырылған. Алдын ала болжам бойынша олардың барлығы пастереллез жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жауын-шашын күтіледі, екпінді жел болады, еліміздің солтүстігінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал, тек батыс өңірде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Астана - Дели арасында тікелей әуе рейсі ашылады

БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - 2 шілдеден бастап «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтары Астана-Дели-Астана бағыттары бойынша тікелей рейс жасайтын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Казинформ 

БҚО-дағы сыбайлас жемқорлықпен күресте нәтиже бар

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты өз жемісін беріп келеді. Бұл туралы Достық үйінде аталмыш індетпен күрес пен оның алдын алу мәселелеріне арналған семинарда айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

«Касперский зертханасы» Microsoft-тың үстінен шағым түсірді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ресейлік «Касперский зертханасы» компаниясы Еуропалық комиссияға Microsoft-тың жасап жатқан әрекеттерінің антимонополиялық заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді сұрап, шағым түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 маусым күні Астанада қазақ халқының дәстүрлі мәдени қалашығы - «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені өз есігін айқара ашады. ҚазАқпарат тілшісі ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілердің басты туристік нүктесіне айналатын орынға аяқ басқан алғашқылардың бірі болды.

Казинформ 

Оралда үш медициналық мекеме сенімгерлік басқаруға берілмек

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үш медициналық мекеме сенімгерлік басқаруға берілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалындағы брифинг кезінде БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғали мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Ұлымның Отан үшін жанын қиғанына өкінбеймін - қаза болған жауынгердің анасы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе жұрты бүгін өткен жылдың 5 маусымы күні лаңкестермен шайқаста қаза болған әскери қызметкерлерді еске алып, олардың ергіліне тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері Қазақстанда тіркелген елшілермен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) өкілдері Қазақстандағы дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақстанда жолаушылар шағымы үшін бірыңғай нөмір іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас көлік прокуратурасы және «Транстелеком» АҚ бірлесіп жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту және жолаушылармен кері байланыс орнату  мақсатында «Үндеулер есебінің бірыңғай жүйесі» пилоттық жобасын іске қосты.

Казинформ 

Қарағандыда мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың бағасы теңестірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда енді мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың бағасы бірдей болады. Ол мемлекеттік тапсырыс сомасын ұлғайту арқылы мүкін болып отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Астана қаласының әуежайында ЖІІБ-нің жаңа ғимараты ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Астана қаласы халықаралық әуежайындағы Желілік ішкі істер бөлімінің жаңа әкімшілік ғимаратын салтанатты жағдайда ашты, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті әуежайдан қонақүйге 40 мың теңгеге жеткізген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада такси жүргізушісі шетел азаматын әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге жеткізіп салған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Казинформ 

Шымкентте 19 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының полицейлері із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткенді іздестіріп жатыр. Жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент қыз 23 мамыр күні университеттен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Головкин мен Альварестің жекпе-жегі трилогияға айналуы әбден мүмкін - Оскар Де Ла Хойя

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя GGG-ге қарсы алдағы жекпе-жекті бір рет емес, екі рет реваншпен қайта өткізуге болатынын айтып отыр. Сөйтіп, Головкин - Альварес жекпе-жегін трилогияға дейін жалғастыруға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Головкин VS Альварес: кезекті проморолик жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде Головкин - Альварес жекпе-жегіне арналған кезекті проморолик жарияланды. Аталған жекпе-жек 16 қыркүйекте Лос-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Алматыда қираған ағаш электр сымын үзіп, көліктің үстіне құлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қираған ағаш электр сымын үзіп, көліктің үстіне құлады. Төтенше жағдай туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова айтып берді.

Казинформ 

Президент Кубогы: Қызайбай мен Шекербекова алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Бокстан Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы додасында Назым Қызайбай мен Жайна Шекербекова алғашқы айналымнан сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астанада жуырда «Бәрі де ән шырқайды!» караоке чемпионаты басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынатын караоке бойынша «Бәрі де ән шырқайды!» чемпионатының бірінші кезеңі 10 маусым күні сағат 17.00-де «Жастар» сарайында өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Катар араб мемлекеттерімен байланыстың үзілгендігіне қатысты үн қатты

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Мохаммед бин Абдулрахман Аль Тани Сауд Арабиясы, Бахрейн, БАӘ және Египет елдері Катармен байланыстың үзгендігіне өкініш білдірді.

Казинформ 

ШЫҰ Астана саммитінен кейін жаңа сапаға көтеріледі - Бас xатшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанxай Ынтымақтастық Ұйымы Астана саммитінен кейін жаңа сапаға көтеріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ШЫҰ бас xатшысы Рашид Алимов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Асқар Мырзахметов Чехия елшісімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жиговамен кездесті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Казинформ 

Президент Кубогы: Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шықты

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Бокстан Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы додасында бүгін 75 келі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл жарыстың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқапарт тілшісі.