World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 17.06.2017

Казинформ 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді. Оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар қызметі.

Казинформ 

Қызылордалық дарынды оқушылар облыс әкімінің қолынан «ЭКСПО» көрмесіне билеттер алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Президенттік, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары, дарынды оқушылармен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Казинформ 

Италиялықтар Жетісудың табиғатына таңдай қақты


ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық паркінің табиғаты италиялықтарды таң қалдырды. Шетелдік туристерді әсіресе, Айқайқұмның табиғи дауысы ерекше әсерге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қарағанды облысында шегірткемен күрес шаралары жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының 90 мың гектардан астам алқаптарында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шараларға қажетті қаражат республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақстан Беларуське 20 электровоз экспорттамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Беларусь сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясын өткізді, деп хабарлады Kazakh Invest баспасөз қызметі.

Казинформ 

Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді. Аталған фактіні ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Казинформ 

БҚО палуандары «Қазақ батырлары» республикалық турнирінде жүлдегер атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының шәкірттері Алматы облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылында грек-рим күресінен даңқты палуан, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақ батырлары» екінші республикалық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Елбасы Германияның Федералдық канцлеріне Гельмут Кольдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге Гельмут Кольдің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жаңа ректор тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Серік Жайлауұлы Пірәлиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Астанада ирандық ғалымның үш кітабы таныстырылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан «Eurasian Book Fair-2017» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде танымал шығыстанушы, профессор, жазушылар одағының мүшесі Сафар Абдуллоның үш кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Шымкент қаласының жартысына жуық аумақта ауыз су беру тоқтатылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғындарының тең жартысына жуығына ауыз су беру тоқтатылады. Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Алматы облысында полицейлер марафоны өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық полицияның 25 жылдығы қарсаңында Алматы облысы Ішкі істер органдарының қызметкерлері марафон ұйымдастырды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Астанада аптап ыстық маусым айының соңында болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық жұмыскерлер артық су қоры мен күннен қорғайтын қалпақ дайындап, төзімділік танытуларына тура келеді. Елордада бір жарым жұма бойы аспап ыстық болады, - деп хабарлады Елорда әкімдігінің медиа-орталығы.

Казинформ 

Майкл Фелпс ақ акуламен жарысқа түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты жүзу шебері, Олимпиада ойындары тарихында ең жолы болғыш  спортшы титулын сақтап келе жатқан Майкл Фелпс "Дискавери"   арнасындағы телебағдарламада  үлкен ақ акуламен жарысқа шығады, деп жазады Би-би-си.  

Казинформ 

Астанада триатлоннан жарыс басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-18 маусым күндері Астананың Триатлон саябағында триатлоннан ҚР кубогының үшінші кезеңі өтуде. Шараға кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысып жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақстандық палуан жастар арасында өткен Азия чемпионатынан «күміс» ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Грек-рим стилі бойынша қазақстандық палуан Алпамыс Дастанбек Тайпейде өткен Азия чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақ санатында күміс медаль иегері атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Казинформ 

Астанада демалуға арналған гамактар орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - AstanaArtFest үшінші халықаралық заманауи өнер фестивалі аясында елорданың Нұрлы жол желекжолында халықтың демалуына арналған гамактар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.