World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 20.06.2017

Казинформ 

Головкин Альвареспен болатын кездесуіне билеттердің сатыла бастағандығын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жанкүйерлеріне оның Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) болатын кездесуіне билеттерді сатып алу үшін асығуға шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

Қызылорда облысында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында этноауыл ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Этноауылдың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Казинформ 

«Ордабасы» командасы босниялық футболшылармен бақ сынасады


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің «Ордабасы» командасы Боснияның «Широки Бриек» командасының футболшыларымен күш сынасатын болды. Бұл туралы Швейцарияда өткен футболдан Еуропа лигасында өнер көрсететін командалар арасында жеребе тартылу барысында мәлім болды. Күнгейлік команданың алғашқы ойыны Шымкентте өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қытай журналистері Оңтүстік Қазақстан облысына қызығып отыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысына алғашқы туристер де келіп жетті. Қытай елінің өкілдерді өздерін Қазақстанның оңтүстігі қызықтырынын мәлімдеді. Сондықтан жоспардан тыс саяхат жасауды жөн деп шешкен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қасақана кісі өлтіріп, қарақшылық жасаған Өзбекстан азаматы экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 13-ші наурызы күні Астана қаласы аумағында Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97 бабының 2 бөлігімен (қасақана кісі өлтіру), 164 бабының 4 бөлігімен (қарақшылық) іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының аз. «К» ұсталды, деп хабарлады бүгін Астана қаласының прокуратурасы.

Казинформ 

Мәйіттен ағзаны алу кезінде дәрігерлер заң талабын басшылыққа алады - ҚР ДСМ


АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау ұйымы мәйіттен ағзаны немесе ағзаның бір бөлігін егер көз жұмған адам тірі кезінде ағзаны алуға келіспейтін мәлімдемесін жеткілікті рәсімдемеген жағдайда ала алады.

Казинформ 

Қазақстандық клубтардың еурокубок турниріндегі алғашқы қарсыластары анықталды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында Чемпионадар Лигасы мен Еуропа Лигасының 2017/2018 маусымының бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Қазақ футбол федерациясының сайты.

Казинформ 

«Серпіннің» алғашқы түлектері кәсіпорындарда жұмыс істеуге әзір

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Серпін» бағдарламасының алғашқы түлектері еліміздің кәсіпорындарында жұмыс істей бастайды, длеп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

БҚО-да киік аулаумен айналысқан ұйымдасқан топ мүшелері қолға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 19 маусым күні Қазталов ауданында киік аулаумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан топ мүшелері қолға түсті. Бұл туралы БҚО ІІД тергеу басқармасы тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Махамбет Темірбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Елордада Smile Astana байқауының жеңімпаздары анықталды


АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 маусымда «Smile Astana» жобасын іске асыру шеңберінде «Күміс күлкі, бақытты бейне» ең үздік фотография немесе эскиз-идея байқауы «Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауының онлайн дауыс беру аяқталды.

Казинформ 

Суатты қызғанған бегемот мүйізтұмсықты өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рейнджер Стэнли Робертсон (Stanley Robertson)  Клейн Кару аймағында оңтүстікафрикалық қорықтың біріндегі су сиыры (бегомот) мен мүйізтұмсықтың айқасын  видеоға түсіріп алған. 

Казинформ 

Қарағанды облысында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысында Алматы-Балқаш тас жолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан он бір жастағы бала және екі ересек адам қаза тапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин Астана қаласында өтетін Ақмола облысының мəдениет күндері аясында бір топ ақмолалық зейнеткерлерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Тарбағатайда Ырғызбай Досханұлы мавзолейінің аумағын абаттандырады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  ШҚО Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досханұлы мавзолейінің аумағы абаттандырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Дидалбек Оразбаев айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Америкалық қазақ полицей алғаш рет Астанадағы кәсіби бокс кешінде жұдырықтасады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк полициясында жұмыс істеп жүрген қазақтандық Димаш Ниязов кәсіби бокспен де айналысады. Астанада өтетін Қанат Исламның жекпе-жегі аясында Димаш алғаш рет өз елінде өнер көрсетпекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Шымкентте жүк көлігінің кесірінен 7 көлік соқтығысты


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жүк көлігі жол апатын жасап, салдарынан 7 көлік соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы Адырбеков пен Байтереков көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тәуелсіз директорын қабылдады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Ричард Эвансті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.