World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 27.06.2017

Казинформ 

Сәрсенбіде басым аймақта желдің күшеюі күтіледі


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 28 маусым күні елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Казинформ 

Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат- Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Алматыда биыл 9 мұзды көлдің суын азайтуға 90 млн. теңге қарастырылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл 9 мұзды көлдің суын азайтуға 90 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы Самат Дәуленханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Димаштың концерті 100 пайыз жанды дауыста өтеді - Қанат Айтбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың бүгінгі «Бастау» шығармашылық кеші 100 пайыз жанды дауыста өтеді.  Бұл туралы концерт алдындағы баспасөз мәслихатында әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Маған мексикалықтардың эмоциясы ұнайды - Головкин

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына жасаған пресс-туры барысында Геннадий Головкин келесі қарсыласы Сауль Альвареспен бірге баспасөз мәслиxатын өткізіп, сан алуан бұқаралық ақпарат құралдарына сұxбат берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа барған 56 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы және биылғы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа барған 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, соның 47-сі сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да екі тәулікте 3 бала суға кеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында екі тәулікте 3 бала суға кеткен. Қазір құтқарушылар Шымкенттегі Қарасу өзенінен үш жасар бүлдіршіннің денесін іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Теріс пиғылдағы сайттарды анықтау үшін тәулік бойы мониторинг жүргізілуде - Дәурен Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылып, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев құжатта қамтылған негізгі басымдықтарды атады. 

Казинформ 

Димаштың фанаттары әнші туралы ақпараттарды әлемнің 11 тіліне аудармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың фанаттары әнші туралы ақпараттарды әлемнің 11 тіліне аударып, таратпақ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астанадағы әншінің концертіне арнайы келген  әншінің жанкүйерлері айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

ҰБТ-ның жетінші күнінің нәтижесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 26 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 2050 талапкердің 2034-і (99,2%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 1820, орыс тілінде - 214 адам сыннан өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 ҰБТ өткізу пунктінде жүргізілді.

Казинформ 

Студент өліміне қатысты айыпталушы кінəсін мойындамады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚазҰАУ студенті Дидар Болысбектің қазасына қатысты сот процесінде сотталушы Тойшыбек Асамов болған оқиғаның мән-жайын баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Казинформ 

Жанқош Тұраров аргентиналық нокаутшымен жекпе-жекке шығатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 кездесу өткізіп, бірде-бір мәрте жеңілмеген жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров келесі кезекте кіммен айқасатыны белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қарағанды облысында жол жөндеуге бөлінетін қаржы 4,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында респубикалық бюджеттен жол жөндеуге бөлінетін қаржы 900 миллионнан 4 жарым миллиард теңгеге дейін  арттырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Шымкентте жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеңіл көлік жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан шұңқырға түсіп кетті. Оқиға бүгін түс ауа Байтұрсынов көшесінің маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.