World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 25.06.2017

Казинформ 

Моңғолияда президент сайлауына 2 млн.-ға жуық адам қатысады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия президентінің сайлауына дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Бас сайлау комитетінің жетекшісі Чойнзонгийн Содномцэрэн мәлім етті. Оның айтуынша, сайлауға қатысуға 1,978 млн адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Кәріпбек Күйіков жолдарды жөндету үшін картиналарын аукционға қойды


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Суретші, АТОМ халықаралық жобасының құрметті елшісі, Семей ядролық полигонының экологияға кері әсері салдарынан  мүгедек болып туылған Кәріпбек Күйіков туған жеріндегі жолдарды жөндету үшін өз картиналарын аукционға шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Алматыда асыл тұқымды жылқылардың бәйгелері өтті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Алматы ипподромында асыл тұқымды жылқылар арасында жарыстар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Пәкістанда 148 адам тірідей жанып кетті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның шығысында бензин тасымалдаушы көліктің аударылуы салдарынан қаза болғандар саны 148 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті апаттық-құтқару қызметінің өкіліне сілтеме жасап Ассошиэйтед Пресс хабарлады.

Bilim-all 

Орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша білім беру

Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.

Bilim-all 

Мектебім – ауылымның мақтанышы

Қазіргі XXI ғасыр таңындағы әлемдік кеңістікте өз орнын айқындауға ұмтылып отырған Қазақстан үшін де оқушы баланың мектепте орта білім алып шығуы міндетті әрі маңызды іс болып саналады.

Казинформ 

Екі қазақстандық Чайковский атындағы Халықаралық байқаудың жүлдегері болды



АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат expo2017culture.kz сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Пәкістанда ойыншық-бомбаның жарылуынан 6 бала ажал құшты


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысында ойыншыққа ұқсас жарылғыш зат іске қосылып, алты бала ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Футбол: «Ақжайық» «Таразбен» тең ойнады


ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасында ел біріншілігінің кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» П.Атоян атындағы стадионда «Таразды» қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Алматыда регбиден Жастар ойындары мәреге жетті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры - Ұлт көшбасшысы» стадионында регбиден 1997-1999 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасында регбиден жастар ойындары аяқталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 11 - ерлер және 9 қыздар командасы өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Казинформ 

ҰБТ: Бесінші күннің нәтижесі


АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге  өтініш берген 8410 түлектің 8161-і (97,04%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 6665, орыс тілінде - 1496 адам. ҰБТ 60 тестілеу пунктінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Ұлыбританияда Ораза айтын мерекелеп жатқандарды көлік қақты


АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Ньюкасл қаласында автокөлік қалың көпшілік арасымен жүріп өтті, салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы Нортамберленд полициясы Twitter-де хабарлады.

Казинформ 

Болашақта жер бетінде үнемі жаңбыр болуы мүмкін - NASA


АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ұлттық аэроғарыш агенттігінің мамандары 2017 жылдың қарашасында әлемді екі апта бойы қараңғы басады және жақын жүз жылда Жерде күні-түні жауын жауып тұруын болажауда, деп жазады planet-today.ru.

Казинформ 

Нью-Делиде 30-50 млн жолаушыға қызмет көрсететін әуежай салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы төрт-бес жылда Үндістанның астанасы Нью-Делиге жақын жерден жаңа заманауи халықаралық әуежай салынады. Мұндай шешімді сенбі күні елдің үкіметі мақұлдаған, деп хабарлайды ТАСС.

Казинформ 

ЭКСПО-да экокапсула үлгісіндегі үйді көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін "экологиялық капсула" ғаламтор арқылы кеңінен танылып үлгерді. Оны мұxиттың жағасында да, түнгі аспанның астында да фотоға түсіріп, сан алуан интернет ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы таратты. Экокапсула үнемді теxнологиясымен ғана емес, романтикалық жағымен де xалықты баурап алды. Енді, аталған өнертабысты ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Словакия павильонында көруге болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қарны ашқан итбалық қайыққа мініп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың жағалауында балық жегісі келген итбалық суда жүзіп бара жатқан моторлы қайықтың артына жабысып, түспей қойды.

Казинформ 

ЭКСПО-2017: Чеxия ұшатын велосипедті алып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Чеxия павильонында ұшатын велосипедті көруге болады. Жоба авторларының айтуынша, аталған бастамаға жазушы Жюль Вернның қиялындағы велосипед түрткі болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астанада түнгі ұйқыны «бұзғандар» жазаланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғындар тарапынан түнгі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде шағымдардың көбеюіне байланысты елорда әкімдігі Астана қаласының ІІД-мен бірлесіп рейд жүргізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Якуттер ұлттық киімін қадірлеуден рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутия астанасының тұрғындары мен қонақтары кезекті Гиннес рекордын орнатты. Бұл жолы Ус Хатын жеріндегі Ысыаха Туймаады-2017 мерекесіне 16 620 якут ұлттық киіммен келген. Рекордты ресми судья Правин Пател тіркеді, деп хабарлайды YakutiaMedia ақпарат агенттігі.

Казинформ 

Мексикада Головкиннің жанкүйерлері аз емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, WBC пен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы - мексикалық Сауль Альварес екендігі белгілі. Соған қарамастан, Мексиканың өзінде GGG-дің жанкүйерлері аз емес. Оған боксшының әлеуметтік парақшасында жарияланған видео дәлел бола алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Пәкістанда жанармай цистернасынан шыққан өрттен 100-ден аса адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Бахавалпур қаласында (Пенджаб провинциясы) жанармай құйылған цистернадан шыққан өрттен 123 адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы Geo Tv телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.