World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 23.06.2017

Казинформ 

Қарағанды облысында 90-жылдары бос тұрған үйлерге қоныстанғандар оларды меншіктей алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 90-жылдары бос тұрған үйлерге өз еріктерімен кіріп алған азаматтар енді оларды меншіктей алады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Абай ауданы прокурорының міндетін атқарушы Айдар Досмақов мәлім етті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Швейцария қарттарға эвтаназия жасауға рұқсат бермекші

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ұлыбританияда «Швейцарияға бару» сөзі қорқынышты мағынаға ие, өйткені ол сөзді өмірмен қоштасуға бел байлағандар айтады. Дәрігерлердің көмегімен өлгісі келгендер Швейцарияға барады, деп жазады Лента.ру.

Казинформ 

Мейвезер тым көп сөйлеп кетті - Головкин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) FightHubTV арнасына берген сұхбатында Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жек қарсаңында америкалық Флойд Мейвезердің көп сөйлеп кеткенін айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Казинформ 

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың қиыр оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Таңертең республиканың солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Казинформ 

Абаевты ақпараттық манипуляция алаңдатып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы XIV Еуразиялық медиа форумының кешкі сессиясында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абав ақпараттың көптігіне, сол көп ақпараттың адам өміріне қатты әсер етіп отырғанына алаңдап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Кеңес Рақышев Қазкоммерцбанктегі өз үлесін ұлғайтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазкоммерцбанк (ККБ) «Qazaq Financial Group» АҚ, Н. Сүбханбердинге, «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ-ға тиесілі Банктің жай акцияларын олардың сатып алуы туралы өзінің ірі акционері К. Рақышевтен хабарлама алғанын хабарлайды.

Казинформ 

Елбасы қазақ және қырғыз азаматтарының екі елде болу тәртібіне қатысты заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақстандық компаниялар Арктикада ірі мұнай жобаларына қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялар үшін Ресейдегі мұнай-химиялық жобаларды игеруге мүмкіншіліктер туындауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «Центразия Групп» ЖШС басқармасының төрағасы, Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа мүшесі Алмас Құдайберген мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Бейжіңде Үйсін тарихын арқау еткен спектакль қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Іле қазақ автономиялы облысының Текес ауданының әртістері дайындаған «Қара көз» атты музыкалық спектакль  Бейжіңде қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazakcnr.com сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қытай Қазақстан арқылы Еуропаға жол ашқысы келеді - сарапшылар


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасы мен Қазақстандағы Қытай елшілігі ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» халықаралық дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Шымкентте прокурордың мас күйінде рулге отырғаны ақыры дәлелденіп, ол жүргізу құқынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте әкімшілік соты бүгін Жергілікті полиция басшысы мен облыстық прокуратураның аға прокуроры Нұржан Полатовтың арасында дауға айналған істі қарап, нүктесін қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазір қоғамда алаяқтар көбейіп кетті - тергеуші Алтынай Жолымбекова

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің аға тергеушісі Алтынай Жолымбекова бүгінде меншікке қарсы аса ауыр қылмыстарды қарайды. Үш баланың анасы қоғамды алаяқтық қылмыстарының белең алып отырғанына алаңдаулы.

Казинформ 

Фантасттардың хикаялары шындыққа айналып келеді - министр Абаев

АСТАНА.ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абавтың айтуынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін пойыздарда жоғары жылдамдығы бар интернет болады. Алайда министр адамдардың кітапты оқығанды қойып, ғаламтордың жетегінде кеткеніне алаңдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақ тіліндегі 100 оқулық жобасына шетелдегі қазақ ғалымдары қызығушылық танытуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тіліндегі 100 оқулық жобасына шетелдегі қазақ ғалымдары қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Ирландияның Дублин университетінің оқытушысы Кесижи Өзгежан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ақтөбедегі жол апатында зардап шеккен екі адам облыс орталығында емделіп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше «Самара-Шымкент» тасжолында автобус аударылып, 9 адам қаза болды. Қазіргі кезде зардап шеккендердің екеуі Ақтөбе қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Қабырғасы сынған автобус жүргізушісін құқық қорғаушылар күні-түні күзетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен қаржы және инвестициялық салаларды дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Казинформ 

Түркияда қазақ тарихы мен мәдениетін танытатын музей ашамыз - Динчтүрк Шабан Серкан


АСТАНА. ҚазАқпарат -  Түркияда қазақ тарихы мен мәдениетін танытатын музей ашамыз. Бұл туралы бүгін  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақ-Түрік білім, ғылым және зерттеу қауымдастығының төрағасы, «Қазақ елі» журналының бас редакторы Динчтүрк Шабан Серкан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ақтөбеде физика мен математика мұғалімдерінің көбі зейнет жасына жақындап қалған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында физика, математика пәндерінің мұғалімдері тапшы. Сонымен қатар, орыс тілі пәнінен сабақ беретін мамандар аз, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Дархан Қыдырәлі: Шет елдерде мәдени жауһарларымызды жаһанға танытатын орталықтар ашылса

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мәдени жауһарларымызды жаһанға  таныту үшін шет елдерде арнайы орталықтар ашылса. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі осындай ұсыныс  жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.