World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 26.06.2017

Казинформ 

Ақтөбеде жетім балалар жалғыз баспанасын банкке беруге мәжбүр болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Сарқұловтар әулетінің төрт баласы мен немересі банкке кепілге қойылған жалғыз баспанадан айырылды. Олар қазір пәтер іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Батысқазақстандық прокурорлар журналистерге арнап ән айтты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай БҚО прокуроры Сапарбек Нұрпейісов өңір журналистерін төл мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Жылқы жылы болғаннан кейін бе, топты көрсем жарғым келіп тұрады - Димаш Құдайберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр сахнасында «Ақтөбе - құтты мекен» гала-концертінде өнер көрсетті. Кеште халықаралық «I am a Singer» байқауының жеңімпазы екі композиция орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Сейсенбіде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінің кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Казинформ 

Фермерлер ет қашан арзандайтынын айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлттық кəсіпкер палатасының ауылшаруашылығы өнеркəсібі кешені комитетінің көшпелі жиынында тауар өндірушілер ет қашан арзандайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Оралда салынып жатқан нысаннан cәби табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 26 маусым күні кешкісін 4-шағынаудандағы № 24 орта мектеп ғимараты жанында салынып жатқан коттеджден сәби табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

ҰБТ-ның алтыншы күнінің қорытындысы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 25 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 4202 талапкердің 4113-і (97,88%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 3428, орыс тілінде - 685 адам сыннан өткен. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 ҰБТ өткізу пунктінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Казинформ 

Келімбетов британдық сот тарихындағы айтулы тұлға лорд Вульфпен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов Ұлыбритания Жоғарғы Сотының экс-төрағасы, британдық заң тарихындағы айтулы тұлға лорд Гарри Кеннет Вульфпен кездесті, деп хабарлайды АХҚО баспасөз қызметі.  

Казинформ 

Қызылордалық кәсіпкер көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жан жылуы» бағдарламасының Қазақ радиосының тікелей әуе толқынына шыққанына үш ай болды. Осы уақыт аралығында шығармашылық ұжым 30-дан астам адамның мұң-мұқтажын халыққа жеткізді. Олардың әрқайсысына қолында бар қаражатын салып, жылы сөзімен де демеу болатын тұрақты тыңдармандарын қалыптастырды.    

Казинформ 

Қазақстандағы бизнес-ахуал инвестицияны көбейтуге оң әсер етеді - ЕАДБ басшысы Дмитрий Панкин

АСТАНА. Қазақпарат - «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сұхбат берген Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкин ЕАЭО елдерінің инвестициялық артықшылықтары туралы кеңінен сөз қозғады.

Казинформ 

Астанада Қала күніне орай 3 ауқымды фестиваль өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында 1-6 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы  елордалық Мәдениет басқармасының қолдауымен 3 ауқымды фестиваль өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақстанда орташа жалақы есептеу әдісі қайта қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда орташа жалақы есептеу әдісі қайта қаралады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Оңтүстікқазақстандық шаруа қоян өсіріп, кәсібін өркендетіп отыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандық шаруа қоян өсіріп, кәсібін өркендетіп отыр. Мирабдумәжіт Мірхашімов шаруасын бастапқыда 10 қоянмен бастаса, қазір ұзынқұлақтың санын 3 мыңға жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Жекешелендіруден түскен қаржы толықтай Ұлттық қорға құйылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік нысандарды жекешелендіруден түскен қаржы толықтай Ұлттық қорға салынады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жекешелендіруден алынған кіріс бюджетке емес Ұлттық қорға түсетін болады. Бұл Ұлттық қорды толықтырудың тағы бір көзі», - деді ол кездесу барысында қойылған сұраққа жауап бере келе.

Казинформ 

ОСК: Сенат депутаттығынан үміткер 38 адам тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелгендердің түпкілікті тізімі айқындалды. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК Сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мақсатхан Анапин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

2020 жылдан бастап Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 880 млрд. теңгеге қысқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылдан бастап Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 880 млрд. теңгеге қысқарады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізу барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

2017 жылдың 5 айында экономикалық өсім 4,1 процентті құрады - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 5 айында экономикалық өсім 4,1 процентті құрады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізу барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Левит пен Тищенко қарымта айқас өткізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 тамыз бен 3 қыркүйек арасында Гамбургте өтетін бокстан әлем чемпионатына Еуропа чемпионы Евгений Тищенконың қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы Ресей құрамасының бас бапкері Олег Меньшиков мәлімдеді, деп хабарлайды SSports.kz.

Казинформ 

«Астана» велошабандозы Италияда чемпион болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фабио Ару тасжолдағы Италия чемпионатында топтық жарыста алтын медалді қанжығасына байлады. «Астана» велошабандозы соңғы белесте шабуылға кірісіп, 18 шақырымнан кейін жеке жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі велокоманданың сайтына сілтеме жасап. 

Казинформ 

Зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақы 20 %-ке өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өсетін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Казинформ 

Дәрігерлердің жалақысы көтеріледі деген ойдамыз - министр Біртанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, медициналық мекмелерге қатысты жаңа норматив бір айдың ішінде қабылдануы тиіс. Үкімет аталған бастаманы қолдады. Соның аясында ауруxаналарды біріктіріп, әкімшілік штатты қысқарту жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Сенат спикері Мажарстан министрімен және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийяртомен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.