World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 13.06.2018

Казинформ 

Қырғыз-Қытай шекарасы уақытша жабылады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз-Қытай шекара учаскесінде  «Торугарт-тасжолы» және «Иркештам- тасжолы» өткізу бекеттері 15-18 маусым аралығында уақытша жабылады, деп хабарлайды Кабар Мемлекеттік шекара қызметінде.

Казинформ 

Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Казинформ 

Адам өмірін құтқару үшін қараңғыда қыстаққа жаяу баратынбыз - медбике Қарлығаш Әбдібаева

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласына қарасты Еңбек ауылының дәрігерлік амбулаториясында 38 жылдық еңбек өтілі бар медбике Қарлығаш Әбдібаева жұмыс істейді. Ақ халатты абзал жан болу бала күнгі арманым деп әңгімесін бастады ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Казинформ 

«Нұр Отан» астаналық мұғалімдер мен дәрігерлерге хостелден орын беруді ұсынды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында салынған хостелдер медициналық қызметкерлерге жалға берілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қарағандыда жаңа скалодром салынды


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қарағанды Арена» Мұз сарайында жаңа қазіргі заманғы кешендік скалодром пайда болды, деп хабарлайды Облыс әкімінің ресми сайты.

Azattyq.org 

Қазақстандық кәсіподақ белсенділеріне Свенссон сыйлығы табысталды

Норвегия астанасы Ослода жұмысшылар құқығын қорғауда жетістікке жеткені үшін берілетін Артур Свенссон сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті. Қазақстан Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының (ҚТКК) жетекшісі Лариса Харькова мен осы ұйымды жабуға қарсылық танытқан акция лидерлері Әмин Елеусінов және Нұрбек Құшақбаев бұл сыйлыққа биыл сәуірде ие болған. Артур Свенссон атындағы қордың атқарушы директоры Андреас Хальсе Азаттыққа қазақстандық үш кәсіподақ белсенділеріне берілген сыйлық Халықаралық кәсіподақтар... Читать дальше...

Казинформ 

ҚР ДСМ комитетінің бұрынғы басшысы шетелдіктен пара алды деп күдіктелуде


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Назарбек Бейсен шетелдің кәсіпкерінен пара алды деген күдікпен ұсталған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

«Пара алды» деп айыпталған судья төрт жарым жылға сотталды

Сот Шымкентте мектеп директорынан «500 мың теңге пара алды» деп айыпталған судьяны төрт жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Айыбын мойындамаған ол апелляциялық шағым түсіретінін айтады. Маусымның 13-інде Шымкенттегі  әл-Фараби аудандық соты мектеп директорынан «500 мың теңге пара алды» деп айыпталған Оңтүстік Қазақстан облысы  Мақтарал аудандық сотының судьясы болған Абай Ниязбековтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялады. СОТ ЗАЛЫНДА «Пара алды» алды деп... Читать дальше...

Azattyq.org 

"Пара алды" деп айыпталған судья төрт жарым жылға сотталды

Сот Шымкентте мектеп директорынан «500 мың теңге пара алды» деп айыпталған судьяны төрт жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Айыбын мойындамаған ол апелляциялық шағым түсіретінін айтады.

Казинформ 

Түрме бастығының орынбасары парамен ұсталды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында түрме бастығының орынбасары соталушының жағдайын жасап бергені үшін 2 миллион теңге алған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Бакуде Қазақстан және Әзербайжан президенттерінің рөлі талқыланды


БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков Әзербайжан Президенті Әкімшілігінің басшысы Рәміз Мехтиевпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әзербайжандағы меншікті тілшісі.

Azattyq.org 

2026 жылғы футболдан әлем біріншілігі АҚШ, Канада және Мексикада өтеді

2026 жылы футболдан әлем біріншілігін АҚШ, Мексика және Канада бірігіп өткізетін болды. Мәскеуде 13 маусым күні өткен Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) конгресінде ұйымға мүше елдер 2026 жылғы әлем біріншілігін солтүстікамерикалық үш елде өткізуді қолдап дауыс берді. 2026 жылғы әлем біріншілігін өткізуге бұл үш елден өзге Марокко да үміткер болған. АҚШ, Канада және Мексика бірге 134 дауыс, Марокко 65 дауыс жинады.  FIFA конгресі Ресейде 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігінің басталуына бір күн қалғанда өтіп отыр. Читать дальше...

Казинформ 

«Кедентрансервис» АҚ басшылығы ақшаны қалай ұрлады


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Кедентранссервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқановты парамен ұстау видеосын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қарағанды облысында балағат сөз айтқан әкім жауапқа тарылды


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ауылдық округ әкімінің қызметтік әдеп ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.