World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 21.01.2018

Azattyq.org 

Шаңғышы Полторанин әлем кубогы кезеңінде алтын алды

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алтын алды.  Ол 15 километрге классикалық әдіспен жарысуда жеңіс жетті. Полторанин бұл қашықтықты шаңғымен 36:54,7 минутта жүгіріп өтті. Күмісті норвегиялық Йоханнес Клэбо, қоланы швециялық Калле Хальварссон иеленді. Алексей Полторанин - шаңғымен жүгіруден Азия ойындарының чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл 9-26 ақпанда өтетін қысқы олимпиадаға қатысады.

Казинформ 

Шоқай Датқа кесенесі қайта жаңғыртылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Сарысу ауданының Саудакент ауылының шетінде орналасқан Шоқай Датқа кесенесі қайта жаңғыртылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Казинформ 

Қазақстан мен Германия аграрлық салаларда ынтымақтаспақ

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Берлинде «Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені ілгерілеуде - неміс бизнесі үшін мүмкіндіктер» дөңгелек үстелі өтті. Шара «Жасыл апта - 2018» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Azattyq.org 

Кабулда қонақ үйге шабуылдан ондаған адам мерт болды

Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіндегі әскери операция аяқталып, үш содырдың көзі жойылды. 12 сағаттық операция кезінде қонақ үйден 150-ден астам адам құтқарылған. Кабул полициясының хабарлауынша, шабуылда ондаған адам мерт болған. Қаза тапқандар арасында 1978 жылы туған Қазақстан азаматы бар. Мерт болғандар саны артуы мүмкін. 20 қаңтарда Кабулдағы ең ірі қонақ үйді қарулы адамдар басып алған. "Талибан" ұйымы шабуылды бес адам ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Azattyq.org 

Кабулда қонақ үйге шабуылдан 5 адам мерт болды

Кабулдағы Intercontinental қонак үйіндегі әскери операция аяқталып, үш содырдың көзі жойылды. 12 сағаттық операция кезінде қонақ үйден 150 астам адам құтқарылған. Олардың қырыққа жуығы - шетелдіктер. 20 қаңтарда Кабулдағы ең ірі қонақ үйді төрт қарулы адам басып алған. Бес адам мерт болып, алты адамның жарақаттанғанын хабарлаған. Шабуылда ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.

Azattyq.org 

Румынияда коррупцияға қарсы шеру өтті

Румыния астанасы Бухаресте ондаған мың адам шеруге шығып, сот жүйесіндегі өзгерістерге, елдегі коррупцияға қарсылық білдірді. Елдегі социал-демократиялық партиясы сот жүйесіне түзету енгізуге ұсыныс жасаған. Халықтың пайымдауынша, бұл өзгеріс биліктегі коррупцияны күшейтеді және жемқорлықпен ұсталғандардың жазасын жеңілдетеді.  20 қаңтарда Университет алаңында өткен шеруде демонстранттар мен арнайы қызмет арасында қақтығыс болған. Сот жүйесіне өзгерісті 20 желтоқсанда парламент қабылдап, президентке жолдаған. Читать дальше...

Azattyq.org 

Түркия әскері Сириядағы күрдтерге шабуылдады

Түркия әскерилері Сирияның Африн аймағындағы күрдтердің 153 обьектісін  бомбалаған. Бұл туралы түрік әскерилеріне сілтеме жасаған халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.  21 қаңтарда Түркия әскері Сирияның Африн аймағын күрдтерден босату операциясын бастаған.  Күрд өкілдері France Press ақпарат агенттігіне Түркия әскерінің шабуылынан жеті бейбіт тұрғынның мерт болғанын, олардың арасында бір бала мен екі әйел бар екенін хабарлаған. Ал Түркия әскерилері шабуыл кезінде тек күрд әскерилері өлгенін айтады. Читать дальше...

Tengrinews.kz 

Атырауда ер адам өзін өртеп жіберді

Атырауда әкесімен ұрсысып қалған ер адам өзін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме

Казинформ 

Рыпакова атындағы турнирдің рекорды жаңартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жабық кешендегі IV халықаралық турнирде биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая турнирдің рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Azattyq.org 

22 қаңтарда СҚО-да мектептерде сабақ болмайды

22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. 21 қаңтарда өңір тұрғындары 112 қызметінен дүйсенбіде 30 градус аяз болатындығы туралы хабарлама алған.  "Қазгидромет" орталығы 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35,  түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.  11 қаңтарда Қазақстанның бірнеше аймағында қатты боран болып, жолдар жабылған. Ал Астанада ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланған.

Казинформ 

Павлодарлық алғашқы егіздер СМС арқылы балабақша кезегіне тұрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Павлодар перинталдық орталығындағы егіздердің анасы Меруерт Нұрғазиноваға туу туралы куәліктерін табыс етті, деп хабарлайды pavlodarnews.