World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 21.01.2018

Azattyq.org 

Ресей әскері Сирияның Африн аймағынан шығарылды

Ресейлік жедел әскери тобы Сирияның солтүстік-батысындағы Африн аумағынан шығарылды. Бұл туралы 20 қаңтарда Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.  Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен ел әскері осы аймақта сириялық күрдтерге қарсы жерүсті операциясын бастады. Осы операцияға байланысты Ресей өз әскерін алып кету туралы шешім қабылдаған.  Түркия әскери күштерінің бас штабы бұл операция "Күрдістан жұмысшы партиясын", "Демократиялық одақ" және "Халықтың өз-өзін қорғау күші" ұйымдарын құрту операциясы деп атады. Читать дальше...

Казинформ 

Шрек бар да, Қобыланды жоқ - Өңірлік баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Қазақстанның өңірлік мерзімді баспасөзі қандай өзекті мәселелерді көтерді? Әдеттегідей «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына еліміздің аймақтарындағы өңірлік баспасөзге шолуды ұсынады.

Azattyq.org 

Қазақстандық фристайлшылар әлем кубогында жүлде алды

Канаданың Мон-Трамблан қаласында өтіп жатқан фристайлдың могул түрінен әлем кубогы кезеңінде Қазақстан спортшылары екі қола медаль алды.  Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд (88,44 ұпай), әйелдер арасында Юлия Галышева (84,61) үздік үштікке енді.  Ерлер жарысында алтынды жапониялық Икума Хорисима (93,88), күмісті канадалық Микаэль Кингсбери (93,27) иеленсе, әйелдер арасында бірінші-екінші орынды канадалықтар Жюстин Дюфур-Лапуант (87,43) пен Энди Ноуди (85,35) бөлісті.  Рейхерд осыған дейін Финляндия... Читать дальше...

Azattyq.org 

АҚШ-та "Әйелдер маршы" өтті

АҚШ-тың жүздеген қаласында 20 қаңтарда Трамп президенттігінің бір жыл толуына орай "Әйелдер маршы" ұйымдастырылды. Шара қатысушылар иммигранттар мәселесі, әйелдер мен ЛГБТ құқығын көтеріп, Трамп әкімшілігін жұмысын сынады. Вашингтондағы "Әйелдер маршына" ондаған мың адам шықты. Олардың арасында әйел-сенаторлар мен Конгреске мүше демократтар бар. Ал Нью-Йорк, Кливленд, Ричмонде Милуок, Остин, Сиэтл, Лос-Анджелестегі "маршқа" да мыңдаған адам қатысты. Шеру елдің 230 қаласында өткен. Дональд... Читать дальше...

Azattyq.org 

IBU Қазақстан биатлон құрамасына қатысты тексеріс бастады

IBU (Халықаралық биатлон одағы) Қазақстан биатлон құрамасына қатысты допингке қарсы тексеру бастады. Бұл туралы одақтың ресми сайты хабарлады.  20 қаңтарда Италия полициясы Антхольц қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезінде Қазақстан құрамасы тоқтаған ғимарат пен көліктерін тінтіген. Тексеруге Больцано прокуратурасы ордер берген. Прокуратура Австрия құқық қорғау органдарының есебіне сүйенген. IBU хабарлауынша, осы тінтуден кейін допингке қарсы тексеріс басталған. Тексеріс нәтижесі әлі белгісіз. Читать дальше...

Казинформ 

Теміртас Жүсіпов: Басты арманым - 2020 жылғы жазғы Олимпиада

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Басты арманым - 2020 жылғы жазғы Олимпиада. Бұл туралы халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, «Астана Арланс» кәсіпқой клубының мүшесі, ақмолалық Теміртас Жүсіпов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Казинформ 

Ұлттық ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан өзара мықтыны анықтады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті. Жарыста офицерлер, келісімшарт негізіндегі әскери қызметкерлер және сарбаздар, барлығы 41 қатысушы 9 түрлі салмақта өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Алматыдан 311 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 21 қаңтары күні 07 сағат 39 минут жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 21 қаңтары күні 07 сағат 39 минут жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Еліміз арқылы Бакуге жөнелтілетін Қытайдың алғашқы жүк пойызы жолға шықты


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Үрімші қаласынан шыққан автобөлшектер, инженерлік техникалар мен тұрмыстық заттар тиелген жүк пойызы Алашаңқай бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қазақстанның Құрық портына жетеді. 36 контейнер одан әрі теңіз тасымалдары арқылы Бакуге жөнелтілетін болады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Казинформ 

Қарағанды облысында киім-кешекті тегін беретін дүкен ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында алғашқы әлеуметтік қайырымдылық дүкен ашылды. Онда заттарды төмен бағамен немесе тегін алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Казинформ 

Қырымбек Көшербаев славян этносының белсенді өкілдерін марапаттады


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысында славян ұлысының 15 мыңнан астам өкілі тұрады. Олардың дені еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан «Славяне» қоғамдық  мәдени бірлестігінің белсенді мүшелері болып табылады. 20 қаңтар күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен қоғамдық  бірлестіктің 20 жылдық мерекесі аталып өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.