World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 21.06.2018

Казинформ 

Қазақстан полициясы күні: Астанада қызметтегі үздік тәртіп сақшылары марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Астана» концерт залында Қазақстан полициясы күні мен Мемлекеттік қызметкерлер күні аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, елорданың үздік құқық қорғаушылары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Асад әскері Сирияның оңтүстік-батысында шабуыл бастады

Сирияның оңтүстік-батысындағы Дераа провинциясында үкімет әскері көтерілісшілер шептеріне шабуылын бастап, мыңдаған адам баспанасын тастап кетті. Лондонда орналасқан Syrian Organisation for Human Rights (SOHR) ұйымының мәліметінше, соңғы үш тәулікте шамамен 12 мыңнан астам адам оппозиция күштері бақылайтын аудандардан кетіп қалған. Башар Асад әскері Дамаск түбіндегі және Хомс провинциясындағы  көтерілісшілер анклавтарын басып алған соң әскери іс-қимылдар елдің оңтүстік-батысына ойысқан. Шабуыл... Читать дальше...

Казинформ 

Ильяның ынтасы зор - Министр Ильиннің спортқа оралуы туралы

АСТАНА. ҚазАқпарат - АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ауыр атлет Илья Ильиннің спортқа оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Тоғызқұмалақтан Қазақстанның параспортшылары арасында үздік ойыншы анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда зағиптар мен көзі нашар көретін спортшылар арасында ұлттық спорт түрі бойынша республикалық жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық әкімдігі спорт басқармасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қорғаныс министрлігі БҰҰ миссиясына бітімгерлер қашан жіберілетінін нақтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Қазақстанның бітімгершілері БҰҰ миссияларында алты ай сайын ауысып тұратынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген фильм әлемдік прокатқа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айында Қазақстан мен Қытай кинематографистерінің тұңғыш бірлескен жобасы  - «Композитор» фильмі әлемдік прокатқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Казинформ 

Ақмола облысында 100 полиция қызметкері баспаналы болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучинск қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арнап салынған 100 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Казинформ 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ресми сайты іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ресми сайты - digitalkz.kz іске қосылды. Бұл сайтта бағдарлама аясында енгізіліп жатқан жобалар туралы толық мағлұмат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қостанай университетіндегі қайғылы жағдай: ерлі-зайыптылардың артында екі баласы қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - З.Алдамжар атындағы Қостанай университетінде 35 жастағы оқытушы Ольга Исеноваға өзінің күйеуі бірнеше жерден пышақ салған. Бұл туралы  Қостанай қаласы ІІБ «Солтүстік» бөлімшесінің бастығы Жансерік Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Абаев: Назарбаев сайлауға түссе, Қазақстан ұтады

Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы сайлауға түссе, одан Қазақстан "ұтатынын" мәлімдеді. Абаев бұл жайында Астанада сенат отырысынан соң парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент Нұрсұлтан Назарбаев "2020 жылы сайлауға қатыспауы мүмкін деген пікіріне орай айтты. Оқи отырыңыз: "Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын" "2020 жылға дейін әлі ұзақ уақыт бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, шешімді мемлекет басшысының өзі ғана қабылдайды.

Казинформ 

«Атамекеннің» еншісін бөліп, бөлек шығардық - Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Үкімет пен «Атамекен» палатасы арасындағы бесжылдық келісімнің мерзімі аяқталады. Осыған байланысты билік кәсіпкерлер ұйымының құрамынан шығады. Ал қазіргі әріптестік жаңа келісімнің негізінде жалғасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қарағандыда автобус түгі қалмай жанып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында автобус өртенді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.