World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 21.06.2018

Azattyq.org 

Спикердің дегеніне сенаторлар пікірі

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ВВС арнасына берген сұхбатында қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы президент сайлауына түспеуі мүмкін екені жайында айтқан болатын. Сенат депутаттарының осыған қатысты пікірлері.

Казинформ 

Бразилиялық ойыншы «Ақтөбе» футбол клубынан кетті


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футбол командасы және бразилиялық қорғаушы Фабрисио Силва Дорнессал арасындағы еңбек шарты ойыншының қалауымен бұзылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Казинформ 

Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» футбол клубынан кетті


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футбол командасы және бразилиялық қорғаушы Фабрисио Силва Дорнессал арасындағы еңбек шарты ойыншының қалауымен бұзылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Azattyq.org 

Қасым-Жомарт Тоқаев ВВС-дегі сұхбатына түсінік берді

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы президент сайлауына түспеуі мүмкін екені туралы сөзіне комментарий берді. BBC медиакорпорациясының Hard Talk бағдарламасына берген сұхбатында Тоқаев Назарбаевтың 2020 жылы өтетін президент сайлауына түседі деп ойламайтынын, сайлау басқа кандидаттармен өтуі мүмкін екенін айтқан.

Azattyq.org 

"Назарбаевсыз сайлау" туралы

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы президент сайлауына түспеуі мүмкін екені туралы сөзіне комментарий берді. BBC медиакорпорациясының Hard Talk бағдарламасына берген сұхбатында Тоқаев Назарбаевтың 2020 жылы өтетін президент сайлауына түседі деп ойламайтынын, сайлау басқа кандидаттармен өтуі мүмкін екенін айтқан.

Казинформ 

Биыл еліміздің барлық облыс орталығында цифрлық ХҚО ашылады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл еліміздің барлық облыс орталығында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

4 елдің өкілдері Үлкен Алтай экономикалық кеңесін құрды


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Моңғолияның Ховд қаласында Халықаралық үйлестіруші кеңестің «Алтай - ортақ үйіміз» атты 15-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Azattyq.org 

Алматыда базар саудагерлері наразылық танытты

Алматыдағы Саяхат базарында ондаған сатушысы базардың жабылуына қарсылық танытты. Саудагерлердің айтуынша, базар әкімшілігі он шақты күн бұрын өздеріне базардың жабылатынын ескертіп, басқа жақтан орын іздеуге кеңес берген. Сатушылар базардағы орындарын жөндеуге және тауарға банктерден несие алып қойғандарын, базар жабылса несиелерін төлей алмайтынын айтып, 2019 жылдың басына дейін базарды жаппауды сұрайды. Олардың айтуынша, базарда 500-ге тарта сатушы бар. Сатушылар күн сайын сауда орнына, қоқыс шығаруға... Читать дальше...

Казинформ 

Қазақстанда электронды сауданың жылына 40 пайызға өсуі күтілуде


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда электронды сауданың жылына 40 пайызға өсуі күтілуде. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қарағандылық студент мәтінді латын қарпіне аударатын бағдарлама жасап шығарды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат  - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті мәтінді латын жазуына аударатын конвертор жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Ата-аналар үйлерінде тек білім саласындағы сайттарды ғана қоса алады - Дәурен Абаев


АСТАНА. ҚазАқпарат - Балаларды интернеттегі теріс ақпараттан қорғауда халықаралық тәжірибе енгізіліп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

«7-20-25» бағдарламасында ипотекалық займды мерзімінен бұрын жабуға бола ма


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі Тұтынушылар құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр Терентьев «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық займды мерзімінен бұрын өтеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Жезқазған маңында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Казинформ 

Ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге болады - Абаев


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Биыл Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент толық цифрлық хабар таратуға көшеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін Маңғыстау, Жамбыл  облыстары мен Шымкент қаласы толық цифрлық хабар таратуға көшеді. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Тоқаев: Президенттікке Назарбаевтан өзге кандидат туралы айта алмаймын

Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда келесі президенті сайлауында президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға түспеген жағдайда басқа қандай кандидат түсуі мүмкін деген сауалға жауап бермеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Астанада сенат отырысынан соң журналистер сауалдарына жауап берген Тоқаев BBC телеарнасының Hard Talk бағдарламасына берген сұхбатына түсінік берді. Азаттық тілшісі Тоқаев кетуге ыңғайланғанда "Өзіңіз сайлауға түсесіз бе?" деп сұрады. Бірақ ол жымиып, сұраққа жауап берместен кетіп қалды. Читать дальше...

Казинформ 

Қазақстан халқының 81 пайызы цифрлық хабар таратумен қамтылды - Дәурен Абаев


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының 81 пайызы цифрлық хабар таратумен қамтылды. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.