World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 21.06.2018

Azattyq.org 

Грузия парламенті "өтпелі үкіметті" бекітті

Грузия парламенті жаңа премьер-министр Мамук Бахтадзе мен оның министрлер кабинетіне сенім білдірді. Сенімділік вотумын 99 депутат қолдап, біреуі қарсы дауыс берді. Премьердің өзі үкіметті "өтпелі үкімет" деп атады. Бахтадзенің айтуынша, ол үкімет үш аптадан соң ауысады. Бұл уақытта заңға өзгерістер енгізіліп, министрліктер саны 14-тен 11-ге қысқартылады. "Министрлері азаятын үкімет" Бахтадзенің "Еркіндік, жедел даму және аман-саулық" деп аталатын бағдарламасын іске асырмақ. Бағдарламаның негізгі... Читать дальше...

Казинформ 

Оқушылардың емтиханы мен мұғалімдерді тестілеу уақыты қатар келмейді


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың емтиханы мен мұғалімдерді тестілеу уақытының қатар келмейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың берген жауабында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қорғаста қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бөгет салынады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Түркіменстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынды

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды. Азаттықтың Түркімен редакциясының хабарлауынша, елдің Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды. Заңның жаңа мәтіні 19 маусымда мемлекеттік басылымдарда жарық көрген. Құжаттың 7-бабында "Түркіменстанда көп әйел алуға тыйым салынады" делініп, көп әйел алуды "ортақ шаруашылық енгізіп, екі не бірнеше әйелмен бірге тұру" деп түсіндірген. Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Читать дальше...

Казинформ 

Шымкенттің жаңа бюджеті белгілі болды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылған Шымкентті ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Келер жылдан бастап қаланың бюджеті 183 миллиард теңгеге дейін артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Павлодар қаласының Бас жоспарының жобасы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Павлодар қаласының Бас жоспарының жобасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі EGEMEN QAZAQSTAN басылымына сілтеме жасап.

Azattyq.org 

Тимошенко: Украина президенті сайлауына түсемін

Украиналық оппозициялық саясаткер Юлия Тимошенко президент сайлауына кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді. 2019 жылы өтетін сайлауда ол іс басындағы президент Петр Порошенкоға бәсекелес болуы мүмкін. Юлия Тимошенко 20 маусымда Facebook-те жүргізген тікелей эфирінде сайлауға "авторитаризммен ойнап көру үшін емес, Украинаны аяғынан тұрғызу үшін" түсетінін айтты.  "Мен үшін президент сайлауы - PlayStation емес, ел күтіп отырған нақты өзгеріс" деп мәлімдеді оппозициялық "Батькивщина" партиясының лидері. Читать дальше...

Казинформ 

Ақмола облысында студенттер жатақханасында заңсыз тұрып жатқандар анықталуда


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 1 614 студент жатақханаға зəру. Жатақханаға алдымен бірінші курс, грант иегерлері жəне көпбалалы жəне толыққанды емес отбасылардан шыққан студенттер орналастырылады. Ал, қалған студенттер пəтер жалдауға мəжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Azattyq.org 

"АрселорМиттал Теміртауға" қалдықты көбейткені үшін айыппұл салынды

Теміртау қаласының әкімшілік сотының "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясын Абай қаласындағы "Восточная" Орталық байыту комбинатында қоршаған ортаға шығаратын қалдық көлемін асырып жібергені үшін бюджетке 14 миллион теңгеден астам (41 мың доллардан астам) айыппұл төлеуге міндеттейтін қаулысы күшіне енді. - 14 миллион 512 мың 578 теңге айыппұл салынды. Заң бойынша, айыппұл сот қаулысы күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірілмей ерікті түрде төленуі тиіс, - деп хабарлады соттан Азаттық тілшісіне. Читать дальше...

Azattyq.org 

Зейнеткерлер бос уақытын клубта өткізеді

Теміртауда қарттар бос уақытын қызықты етіп өткізу үшін бірнеше клуб ұйымдастырған. Клубта өтетін сабақтарға қажет құрал жабдықтарды олардың өздері табады немесе демеушілерден көмек сұрайды. ШАХМАТ ЖАРЫСТАРЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ Қарттар қалалық "Мудрость" ардагерлер клубына әр жұма сайын жиналады. Жалғызілікті жандар бір сарынды өмір мен кәріліктің ыңқыл-сыңқылы иектеп алмас үшін де клубқа барады. Бұл жерде шүйіркелесіп отырып шай ішеді, көңілі қалаған іспен айналысады. Клуб қолданбалы шығармашылық... Читать дальше...

Azattyq.org 

Трамп мигрант отбасы мүшелерін ажыратпайтын заңға қол қоймақ

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Мексикамен шекарасында ұсталған мигранттарды отбасынан ажыратпауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қоятынын мәлімдеді. "Мен таяуда құжат дайын болған кезде қол қоямын. Бұның заңға сай келетініне сенімдімін", – деді Трамп 20 маусымда Ақ үйде журналистер алдында. Бұл құжат егер ересектер ұсталып немесе заңсыз шекарадан өтті деген айыппен тергеліп жатқан кезде де отбасы мүшелерімен бірге болуына мүмкіндік бермек. 18 маусымда Трамп "АҚШ мигранттардың лагері болмайды" деп мәлімдеген еді. Читать дальше...

Казинформ 

Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр


АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Еурокомиссия АҚШ тауарларына баж салығын енгізді

Еурокомиссия АҚШ-тан жеткізілетін тауарға жылына 2,8 миллиард еуроның баж салығын енгізді. Бұл құжат 22 маусымнан бастап күшіне енеді деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметі. АҚШ 1 маусымнан бастап Еуропадан импортталатын болатқа 25 пайыз, алюминийге 10 пайыз баж салығын салған. Еурокомиссияның сауда ісі жөніндегі өкілі Сесилия Мальмстрем егер Вашингтон салықты алып тастаса, Брюссель де баз салығын жоятынын мәлімдеді. Еуропа Одағының (ЕО) есебі бойынша, АҚШ-қа экспортталатын еуропалық... Читать дальше...

Казинформ 

Астанадағы кейбір автобустардың бағдары өзгерді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» компаниясының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Ресейдің Астрахан қаласында «Домбыра күні» өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл күй атасы Құрманғазының 195 жылдығына орай астрахандықтар «Домбыра күнін» атап өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Головкин «Канеломен» қарымта жекпе-жекке дайындықты бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) жақын күндері мексикалық спортшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы қарымта жекпе-жегіне дайындықты бастайды, деп хабарлайды Sports.kz.