World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 01.07.2017

Казинформ 

LRT құрылысының жабдықтары Астанаға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға Қытайдан жеңіл метро құрылысына арналған құрал-жабдықтардың алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды CGTN телеарнасы Фейсбуктегі парақшасында.

Казинформ 

Астанаға Сармат патшайымының қабірінен табылған бірегей жәдігерлер әкелінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан «Сақ алтыны» түпнұсқа артефактілердің халықаралық көрмесіне ресейлік ғалымдар Сармат патшайымының қабірінен табылған бірегей жәдігерлерді әкелді,деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Макинск командасы «Ақ бидай» спартакиадасының жеңімпазы атанды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бұланды ауданының Новобратское ауылында жазғы аудандық «Ақ бидай» спартакиадасы өз мәресіне жетті және биылғы жылы дәстүрлі спартакиада «ЭКСПO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Женсенбіде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хаюарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Астанада құрылысты дұрыс жүргізбеген компаниясының басшылары тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Tamiz Invest Group» АҚ рұқсат құжаттарынсыз «Территория комфорта-2», «Орбита», «Алтын Раид» кешендерін салған, деп хабарлады бүгін Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Казинформ 

Ақмола облысында суға шомылу маусымы басталғалы 4 бала суға кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында суға шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 6 адам суға кетті. Оның 4-уі балалар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Ақмола облыстық ТЖД басшысының орынбасары Қанат Доспаев мәлім етті.

Казинформ 

Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу: Шыңжаңда 3000 жылдық ежелгі қорым табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада шетелдегі қазақ тілді ақпарат көздері қандай тақырыптарды қаузады? Назарларыңызға «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Казинформ 

«Барыс» екі ойыншымен толықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубының құрамына екі ойыншы қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Bilim-all 

Мұғалім және өнер

Сыр өңірінде бастау алғанына да 20 жыл толған «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі туралы республикалық «Халық» газетінің осыдан екі жыл бұрынғы 2015 жыл, 19 наурыздағы санында Арал аудандық мәслихатының депутаты Нұрбай Жүсіп облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Мансұрқызы Байназарова жөнінде жазған «Киелі салаға үлес қосқан аяулы жан» атты өзінің мақаласында былай дейді:

Казинформ 

Тайланд аруы ЭКСПО қонақтарын би билеуге үйретті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ЭКСПО көрмесінде Тайланд корольдігінің ұлттық күні аталып өтті. Осыған орай, тай елінен келген 50-ден астам әртіс өз өнерлерін паш етті. Олардың ішінде «Тайланд аруы - 2016» байқауының жүлдегері Пинтхип «Кван» Оракхорн да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Шымкентте жалғызбасты 83 жастағы қарт ананың үйі өртеніп, көшеде түнеп жүр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жалғызбасты 83 жастағы қарт ананың үйі өртеніп кетті. Соның салдарынан далада қаңғып қалған ана көшеде түнеуге мәжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат -Президент Әкімшілігінің келісіміне сәйкес БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Мұрат Рахметұлы Мұқаев Орал қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Вячеслав Тыцтың отбасына барлық сақтандыру төлемдері беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Союз-2.1а» зымыран-тасымалдағыш бөлшектерінің құлауы кезінде туындаған өрт салдарынан өмірі қиылған Вячеслав Тыцтың туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

ОҚО-да таңқурай өсіру ісі жанданып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазығұрт ауданы таулы өңір болғандықтан таңқурай өсіруге өте қолайлы. Сондықтан алдағы жылдары мұнда таңқурай егістік көлемін ұлғайту қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Зымыран тасығыш бөлігі құлауынан шыққан өрттің себебі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан шыққан өрттің себептерін тексерген арнайы комиссия өзінің жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Конор Макгрегор өміріндегі тұңғыш бокс айқасына қалай дайындалып жатқанын көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған ирландиялық ММА шебері Конор Макгрегор бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген Флойд Мейвезермен болатын кездесуге дайындалып жатыр. Ирландиялық жаттығу барысын Instagram парақшасында жариялады, деп хабардайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі segodnya.ua ақпарат көзіне сілтеме жасап.