World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 25.07.2017

Казинформ 

Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Рысқұлов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Көлік апатынан үш адам қаза тауып, бір адам зардап шекті.

Казинформ 

Сәрсенбіде елімізде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болады, республиканың басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Жамбыл облысының 25 түйелі керуені бүгін түнде Астанаға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Халық шығармашылығы орталығы бөлімінің басшысы, Жамбыл облысынан Астанаға келе жатқан этнокеруеннің жетекшісі Нұралы Абдуллаев ҚазАқпарат тілшісіне қатысушылардың екі айға созылған сапары туралы айтып берді.

Казинформ 

Астанада «Номад-Строй» басшысы 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырып, 8,5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Номад-Строй» ЖШС директоры Александр Логвинов 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы «Қазақстанда жасалған» өнімдерді ұлағайта ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өнімнің көлемін арттырудың тың жолын тапқан тәрізді. Енді, агроөнеркәсіп саласында өнім өңдейтін кәсіпорындар жеңілдетілген несие алып қана қоймай, сан алуан техникалық құрал-жабдықтарды 25 пайыздық жеңілдікпен сатып алатын болады. Алайда бұндай жеңілдікті иеленетін тізімге агрофирмалардың бәрі бірдей іліккен жоқ. Министрлік нақты тоғыз бағыт бойынша 400-ден астам кәсіпорынды таңдапты.

Казинформ 

Асқар Мырзахметов Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарына барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 26 шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысына барады, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Казинформ 

Жарты жылда 1414 байланыс орталығына 2 миллиондай қоңырау шалынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 1414 байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер жөніндегі сауалдарын жолдап 2 миллиондай адам хабарласты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Өскеменде құрастырылған 3 мыңға жуық автокөлік Қытайға экспортталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендік «Азия Авто» АҚ жыл соңына дейін Қытайға 3 мыңға жуық автокөлікті экспортқа шығармақ. Қазақстан - Қытай шекарасынан өтерде көлік бағаларының қымбаттайтынына қарамастан, шығыстағы көрші мемлекет қазақстандық автокөліктерге зор қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Непалда өтетін Азия чемпионатына қазақстандық ауыр атлеттер қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Катмандуда (Непал) біздің құрама 17 жасқа дейінгі жастар мен қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар мен бойжеткендер арасындағы ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлады Ауыр атлетика федерациясының сайтында.

Казинформ 

Ерлан Қошанов Жезқазғанда жол жөндеуді сапасыз жүргізген мердігерлерге шүйлікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерлан Қошанов өзінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына жол сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды, ал алақол мердігерлерді қара тізімге жіберетінін айтты, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Казинформ 

Шымкентте ата-аналардың 30 пайызға жуығы оқулықты өз қаражаттарына алады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік оқушыларды кітаппен қамтамасыз етуге қазынадан 1 млрд 300 млн теңге жұмсалады. Сөйтіп, биылғы оқу жылында 2,5 және 7-ші сынып оқушыларына 100 пайыз кітап беріледі. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.   

Казинформ 

Алматы дәрігерлері лайықты жалақыға қашан қол жететінін кездесуге барған депутаттан сұрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы 12-ші қалалық клиникалық емхана ұжымы Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсовамен кездесуде жалақы мен зейнетақы мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да киелі жерлер тарихын жаңғыртқан байқау өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында құрылған «Қасиетті Қазақстан» орталығының күнгейлік белсенділері «Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері» байқауын ұйымдастырды. Сайысқа облыс аумағындағы 25 мұражай өкілдері қатысып, бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.      

Казинформ 

Сасық иістен мезі болған ақтөбеліктер биліктен мәселенің шешімін сұрады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаз бойы қолқаны қабатын сасық иіс тұрғындардың мазасын алады. Аллергия, қан қысымы дертіне шалдыққандар бүгін қаладағы «Денсаулық» саябағына жиналып, биліктен шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ТОП-5: Қазақстандықтар қандай отандық көліктерді сатып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алфёров қазақстандықтар сатып алатын брэндті автокөліктердің бестігін атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы алты айда 672 мың тоннаны құрады

БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат - Қытайдың «Қорғас» теміржол станциясы арқылы Қазақстанмен жасаған импорт-экспорт көлемі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 672 мың тоннаны құрады. Бұл туралы «Қорғас» станциясы басқармасының басшысы Ма Инон айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Нұрлан Ермекбаев: Діндегі қайырымдылықты өркениетті жолға түсіру керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының құрылғанын жариялаған еді. Сосын Қорға байланысты қоғамда әртүрлі алып-қашпа әңгімелер пайда бола бастады. Атап айтқанда, Қордың есебінен тек имамдар жалақысы ғана төленеді деген пікір де бар. Осыған байланысты «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі Нұрлан Байұзақұлына бірнеше сауал жолдап, «Уақып» қайырымдылық қоры қызметіне қатысты түсініктеме беруді сұраған еді.