World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 22.07.2017

Казинформ 

Импортталып отырған 270 млрд теңгенің тауарын отандық өніммен алмастыруға болады - ҚР ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында қазақстандық өндірушілердің жаңа бәсекеге қабілетті өнімді игеру және Қазақстан индустриясының ірі компанияларымен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау жөніндегі  мәселелері талқыланды.

Казинформ 

Қазақстандық экипаждың «Жібек жолы» раллиінде мерейі үстем болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдағы Сиан қаласында ғаламшардың ең ұзақ «Жібек жолы» жарысы аяқталып, ралли-марафонына қатысушылар салтанатты түрде  мәре сызығын қиып өтті, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Казинформ 

Голливуд жұлдыздары қызыл кілемге қарамай, қазақ жанкүйерлерімен арнайы амандасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы "Қазақстан" концерт залында XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі ашылды. Дәстүр бойынша барлық қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтті. 

Казинформ 

ЕЧ: Жеңімпаз атанған Беларусь жеңіл атлеті әнұран қате орындалғандықтан тұғырдан түсіп кетті

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа жасөспірімдер чемпионатында жеңімпаз атанған Беларусь жеңіл атлеті Виолетта Скворцова әнұран қате орындалғандықтан тұғырдан түсіп кетті.

Казинформ 

Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Орталық ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі

Казинформ 

Кореялық жұлдыз Со Кан Джун: Димашпен танысқым келеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесіндегі корей павильонының құрметті елшісі, танымал оңтүстіккореялық актер және шоумен Со Кан Джун Кореяның ұлттық ұлттық күнін атап өту және фанаттарымен кездесу үшін Астанаға екінші рет келді. Тығыз уақыт кестесіне қарамастан, актер ҚазАқпарат тілшісіне эксклюзивті экспресс-сұхбат беріп үлгерді.

Казинформ 

Қазақстанда сирек кездесетін әрбір жануарды сақтаудың арнайы бағдарламасы болуы қажет - БҰҰ ДБ


АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары сирек кездесетін жануарлардың әрбір түрі бойынша арнайы бағдарламаны қабылдау қажет деп санайды. Осы орайда олар Ресей Федерациясының тәжірибесін қолға алуды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Жібек жолы» раллиінің финалдық кезеңі жол қауіптілігіне байланысты тоқтатылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы» керуен-ралиінің жетінші кезеңіндегі соңғы түнемелік - Чжунвэй қаласына келді. Марафонның он үшінші кезеңі 170 шақырымға бейтараптану аймағына бөлінген екі арнайы учаскеден тұрады, деп хабарлады «Астана» президенттік клубының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Бодрумда 51 Қазақстан азаматы демалуда - Түркиядағы ҚР Елшілігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жойқын жер сілкінісі тіркелген Бодрум провинциясында 51 Қазақстан азаматы демалуда. Бұл туралы жергілікті туристік агенттіктерден мәлімет жинаған Түркиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Казинформ 

Бодрумдағы Қазақстан азаматтарымен байланыс орнатылды - Түркиядағы ҚР Елшілігі


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жойқын жер сілкінісі тіркелген Бодрум провинциясында 51 Қазақстан азаматы демалуда. Бұл туралы жергілікті туристік агенттіктерден мәлімет жинаған Түркиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Казинформ 

Танымал Голливуд жұлдызы Қазақстанның қайырымдылық қорына қаражат аударады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық актер, «Оскар» сыйлығының иегері, «Кинг Конг», «Жыртқыш», «Пиджак», «Пианист» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаушы Эдриан Броуди Қазақстанның қайырымдылық қорларының біріне қаржылай көмек көрсетеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Синхронды жүзудің атауы өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) конгресінің шешімімен Синхронды жүзу спортының атауы артистік болып өзгерді. Дауыс беру Будапештегі конгресте өткізілді. Бұл күндері онда Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

Казинформ 

ЭКСПО-да өз павильонын таза қазақ тілінде сөйлетіп қойған мемлекет ұлттық күнін атап өтті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Жапонияның ұлттық күні аталып өтті. Шара аясында осы елдің билері ғана емес, қазақтың «Қаражорғасы» да орындалды. Айта кеткен жөн, жапондықтар өз экспозицияларын толығымен мемлекеттік тілде сөйлетіп қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астана әкімі орынбасарларын ертіп елорданы автобуспен аралады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев орынбасарларын және аудан әкімдерін ертіп елорданы автобуспен аралады. Бұл туралы қала әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жөргенбаева Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Казинформ 

Алан Бөрібаевтың өнеріне тәнті болған Голливуд жұлдызы дирижердің рөлін сомдауға уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - XIII халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін Астанаға келген Голливуд жұлдызы Эдриан Броуди қазақстандық музыканттардың өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Иранның Канган портында алапат өрттен 25 кеме өртеніп кетті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке Иранның оңтүстігіндегі Канган портында алапат өрттен он үш сауда кемесі, сондай-ақ он екі балықшылар шхунасы және серуендейтін катерлер өртеніп кетті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі .

Казинформ 

Үкімет басшысына Павлодарда МӨЗ-де Jet A1 авиаотынын өндіретіні жайлы баяндалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚЗ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай өңдеу көлемдерін ұлғайту шаралары туралы айтылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Оралда қоршаған ортаны қорғауға арналған халықаралық конференция өтеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 26 шілде күні Орал қаласында Жайық күні аясында «Қоршаған ортаның жағдайын жақсартудағы әйелдердің рөлі» атты халықаралық форум өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Николас Кейдж Қазақстанда түсірілуі мүмкін фильмнің сюжетін айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты голливудтық актер, Оскар иегері және көптеген танымал рөлдерді сомдаушы Николас Кейдж Қазақстанда бірлескен фильм түсіргісі келетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.