World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 15.07.2017

Казинформ 

Қазақстандық төлқұжат Орталық Азия бойынша ең «мықты» болып танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық төлқұжат Орталық Азия бойынша ең «мықты» болып танылды. Бұл төлқұжаттың визалық мүмкіндіктерді пайдалануы бойынша анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Passport Index порталына сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Серік Ибрагимов әке атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық әнші Серік Ибрагимов әке атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 шілдеде атмосфералық аға ағынының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Тони Блэр Ұлыбританияны ЕО-дан шықпауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрыңғы премьер-министрі Тони Блэр Ұлыбританияны Еуропа одағынан шықпауға(Brexit) шақырды. Ол бұл туралы Sky News арнасына берген сұхбатында айтты.

Казинформ 

Астанадағы финалдық кездесу: Куба боксшылары жеңістерін еселей түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында елорда төрінде өтіп жатқан финалдық кездесуде  «Астана арландарының» өкілі Арман Рысбек «Куба қабыландары» командасының беделді боксшысы Хулио Ла Крусқа есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуде Қазақ елінің рөлі жоғары - Түркия Елшісі Невзат Уянык

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндері бауырлас халықтың қуанышына ортақтасып, шын пейілмен бірнеше ғасырға созылған бодандықтың бұйдасын бұзып шыққанына риясыз ниетін білдірген елдердің бірі - Түркия Республикасы болатын. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, шынайы өмірде бұл қазақ халқы үшін ғасырларға татитын кезең екендігі айтпаса да түсінікті. 

Казинформ 

Астанадағы финалдық кездесу: Кубалық боксшылар алда келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясы 7-маусымының 5 жекпе-жекке негізделген алғашқы сессиясында «Астана арландары» «Куба қабыландарына» әзірге 3:2 есебімен есе жіберіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Сағынтаев Астанада стартап-хабын құруға қатысты кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында Астанада стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Казинформ 

Ақмола облысында Түркі кеңесінің жастар лагері жұмысын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі кеңесі аясындағы жастардың жазғы лагері өз жұмысын аяқтады. Оған 100-ден астам адам қатысты, олар - Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Түркиядан келген жастар ұйымдарының өкілдері, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Астанадағы финалдық кездесу: Ділмұрат Мижитов жеңіліс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы 7-ші маусымының шешуші айқасында 64 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан қазақ боксшысы кубалыққа есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

ЭКСПО: Африкалықтармен суретке түсуге ұзын-сонар кезек қалыптасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер "Африка плаза" павильонына кіргеннен кейін африкалықтармен фотоға түсуге тырысады. Нәтижесінде ұзын-сонар кезектер пайда болуда, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрыла бастады - министр Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылып жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Әкенің тілін алмайтын, анаға қырын қарайтын ұл-қызға қандай тоқтам бар - Өңірлік баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Қазақстанның өңірлік мерзімді баспасөзі қандай өзекті мәселелерді көтерді? Әдеттегідей назарларыңызға «ҚазАқпарат» ХАА-нің өңірлік баспасөзге шолуын ұсынамыз.

Казинформ 

Түркия бауырлас қазақ елінің тілектестігін еш уақытта ұмытпайды - Елші

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык 2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияға қарсы жасалған мемлекеттік төңкерістің 1 жылдығына орай Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

Қазақтың «Оралман» картинасы Мұсылман кинофестивалінде көрсетіледі

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Қазан қаласында өтетін XIII Халықаралық мұсылман кинофестивалінде қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбековтің "Оралман" атты туындысы көрсетіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан Румыниямен саяси диалогты нығайтуға, өзара іс-қимылды кеңейтуге ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  2017 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығы аталып өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Қырғыз Үкімет басшысы президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) бүгін Бішкекте өткен съез барысында қазіргі премьер-министр Сорронбай Жээнбековтің кандидатурасын Қырғызстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешімді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат kabar.kg сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

ЭКСПО-ға ұшатын велосипед алып келген елдің ұлттық күні тойлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесі аймағында Чеxия Республикасының ұлттық күні атап өтілуде. Осыған орай, мерекелік шатырда концерт ұйымдастырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақ-Қытай шекарасында «Жібек жолы» раллиінің 7-кезеңі аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы» ралли-марафонының жетінші кезеңі Қазақстан аумағындағы 100 шақырымдық арнайы учаскеден кейін Қытаймен шекара тұсында мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Альварестің GGG-ге қарсы дайындығына қазақстандық боксшы көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов мексикалық Сауль Альварестің спарринг-көмекшісі болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әлеуметтік желідегі "Қазақстанның кәсіби боксы" тобына сілтеме жасап.