World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 14.07.2017

Казинформ 

15 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай болады; бұршақ жаууы мүмкін; кей жерлерде жел күшейеді; жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  ауа райы жауын-шашынсыз.

Казинформ 

Шымкентте көлік кептелісін азайтатын аспалы көпірдің құрылысы басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көлік кептелісін азайтатын аспалы көпірдің құрылысы басталды. Темірлан тас жолы мен Ахунбабаев көшесінің қиысылында ірі жол айрығы салынуда. Осыған орай шаһар билігі уақытша жабылған жолдарды айналып өту бейне сызбасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Алматы және Жамбыл облыстары өзара ынтымақтастықты дамытуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жетісу жеріне Жамбыл облысының әкімі бастаған бір топ делегация келді. Бірінші кезекте жамбылдықтар  Көксу ауданындағы «Алим-Таяр» шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабына ат басын бұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев оңтүстіктің тұрғындарымен кездесті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы  аудан-қалаларды  аралап, халықпен кездесіп жатыр. Сарыағаш ауданында болған сенатор жергілікті билік өкілдері мен тұрғындарға ел дамуын еселейтін маңызды құжаттардың  мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Нұрлан Ермекбаев Атырау облысында діни радикализмнің алдын алу жөнінде семинар өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілде күні Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Казинформ 

Мұнай-газ саласының белгілі маманы өмірден озды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 шілде күні 76 жасқа қараған шағында мұнай-газ саласының білгір маманы, тәуелсіз Қазақстанның газ өнеркәсібін  өркендетуге ерекше еңбек сіңірген іскер ұйымдастырушы, экономика ғылымының докторы Есет Рауатұлы Әзербаев өмірден озды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Теңіз кенішіндегі газдың атылуынан келген зиян мөлшері анықталды

АТЫРАУ.ҚазАқпарат -  Ағымдағы жылғы 30 мамырда Теңіз кенішінде болған газдың атылуынан  экологияға келген зиян мөлшері белгіілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

ОҚО: Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 95 түлекке ЖОО-ға тегін жолдама берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді.

Казинформ 

«Ромео мен Джульетта» - Астанада

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасын ұйымдастыру аясында Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында 2017 жылғы 16 маусым мен 4 шілде аралығында «Ромео мен Джульетта» мюзиклі өтеді.

Казинформ 

Қазақстан кадеттер құрамасы Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бішкекте өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-16 шілдеде елордадағы  «Қазақстан» СС көлік тұрағының аумағында республиканың 4 өңірінен келген тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Казинформ 

Талдықорғанда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында дәстүрлі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі мен мемлекеттік бағдарламаларға арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Оралда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері жол апатына ұшырады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 13 шілде күні шамамен сағат 14.50-де уақытша жұмыс жасамайтын, Ақсай қаласында тұратын 1991 жылғы Р. деген жүргізуші «Форд Фокус» автокөлігімен Оралда Алмазов пен Меңдәлиев көшелерінің қиылысында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде аға офицер болып қызмет ететін 1985 жылғы К. айдап келе жатқан «Шкода Рапид» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО шаруаларына кооперацияның не үшін қажет екенін түсіндірді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесуде Қазақстанда көп еңбек атқарылғанын, елдің дамып келе жатқанын және атқарылуы тиіс міндеттердің көп екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Хайвилдегі өрт: Қаза тапқан шетелдік Назарбаев Университеттің профессоры болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университет» АҚ баспасөз қызметі «Хайвил» ТК өрт салдарынан қаза тапқан шетелдіктің университет қызметкері болғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Оралда полиция қызметкері көлігімен велосипед мінген баланы қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 13 шілде күні шамамен сағат 19.15-те Орал қаласында БҚО мемлекеттік мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1982 жылғы Ж. деген полицей-жүргізушісі «Шанс» автокөлігімен Құрманғазы көшесі 169-үйдің ауласынан шыға бергенде, «Гүлдер» дүкенінің жанында «Стелс» велосипедімен келе жатқан Мичурин орта мектебінің 8-сынып оқушысы, 2004 жылғы Александр есімді балаға жол бермей, қағып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Базарлардың дәурені өтіп барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаздың ортасы болса да, азық-түлік бағасы, соның ішінде көкөністің құны түсетін емес. Әсіресе, картоп, сәбіз, пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы арзандамай жатыр, керісінше, қымбаттап кетті. Үкімет те аталған мәселені жақсы біледі. Алайда бағаны ұстап тұруға қажетті шараларды толығымен іске асыра алмай отыр. Себебі министрліктер деңгейінде оңтайлы шешімдер қабылданса да, жергілікті жерде соның барлығын ойдағыдай жүзеге асыру оңай емес. Екі жақты да тыңдап көрсең, әрбіреуінің өз шындығы бар. Читать дальше...