World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 03.07.2017

Казинформ 

4 шілдеде Елордада жарық сөндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 шілдеде Астана қаласының кейбір аудандарында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты электр қуаты ажыратылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің жағдаяттар орталығы.

Казинформ 

WBC Головкиннің бес мықты қарсыласын атады

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Дүниежүзілік боксерлік кеңес (WBC) Туиттерде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) лайықты қарсыластарын атады, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

4 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте тұман болады. Республиканың батысында және оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Ердоғанның Путинге тағдыршешті хатын жеткізудің мән-жайы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылдың маусымында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның тағдыршешті хаты РФ Президенті Владимир Путинге Ташкентке шұғыл түрде жеткізілді. Бұған Өзбекстан астанасындағы ШЫҰ саммитінен тыс Қазақстан Президентінің қатар атқарған елеулі еңбегінің арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана депутаттан көмек сұрады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Респу­бликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жанат Омарбекова жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Жат ағымнан бас тартқан ақтөбелік келіншек туралы фильм түсірілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Аңсар» ақпараттық орталығы үш рет күйеуге шығып, үш рет талақ айтылған келіншек туралы арнайы бейнежазба әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбеде әлеуметтік нысандардың құрылысы кешігіп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Неке сарайы, Жастар сарайы мен облыстық мұражай секілді бірнеше нысанның құрылысы кешігіп жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарын жүргізуші компанияларды сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Түркия ұшақ таситын кеме жасап шығармақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия жеке ұшақ таситын крейсерін құрастырмақшы. Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Казинформ 

22 жастағы жігіт Өзбекстанның білім вице-министрі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев эксперименталды тәртіпте 22 жастағы Алишер Сайдуллаевты Өзбекстанның халықтық білім министрінің орынбасары етіп тағайындады. Бұл туралы uuznews.uz хабарлады.

Казинформ 

2 мыңнан астам адам оңтүстіктен солтүстікке көшіп баруға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы халқы тығыз орналасқан аймақтардың бірі саналады. Осыған орай өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында  халықты  жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру  жұмыстары жалғасып келеді. Десек те, ішкі көші-қон саясатының ел арасында насихатталуы тиісті деңгейде емес. 

Казинформ 

Қызылорда облысының прокуратурасы немқұрайлы колледж басшыларын жауапқа тартуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының прокуратурасы Конституциямен кепілдік берілген тегін орта біліммен қамтылмаған 297 баланы анықтады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа аймақ прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Астанада көне қару-жарақ көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық музейде ЭКСПО аясында ұйымдастырылған «Шығыс пен Батыс: мемлекеттік Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Елбасы Астананың «жасыл белдеуін» дамыту жөнінде кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті орман алқабының аумағын тікұшақпен аралап көріп, «Балқарағай» демалыс аймағында орналасқан этноауылда болды, сондай-ақ «жасыл аймақты» дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен оны одан әрі көгалдандыру жоспарлары туралы хабардар болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Дауылдан үйлері зардап шеккен ақтөбеліктер шығынның өтелуін талап етуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде құйынды дауыл құрылыс крандарын құлатып, салдарынан үш пәтердің балкондары қирады. Қазіргі уақытта құрылыс компаниясы шығынды есептеп, құлаған кранды бөлшектеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Үйі өртеніп кеткен 83 жастағы әжейге көмек көрсетіле бастады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте үйі өртеніп кеткен 83 жастағы қарияға көмек көрсетіле бастады. Қалаға қарасты Еңбекші аудандық әкімдігінің қызметкерлері баспананы күл-қоқыстан тазартып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Шымкентте ұйқыдан оянбай қалған бүлдіршін ісімен полиция айналысуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі балабақшада бүлдіршіннің қайтыс болу себебін полиция қызметкерлері анықтауға кірісті. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазір бұл оқиға бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі тиісті тексеру шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Елбасы билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу туралы заңдарға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Казинформ 

Қазақстанның Таиландтағы жаңа елшісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Казинформ 

ОҚО-да жастардың «Көршілер» форумы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ-өзбек жастарының басын қосқан «Көршілер» - жас көшбасшылар» форумы өтті. «Мәңгілік елдің» жастарына ұлағатты жол сілтейтін жобаға Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және көрші Ташкент қаласының жастары да қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбелік омарташы бір жыл бойы араға таланған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында бал шаруашылығын алғашқылардың бірі болып қолға алған кәсіпкер Ғалимарданбек Есенаманов бір жыл бойы араға таланған. Ол «ҚазАқпарат» тілшісіне ара баптаудың қыр-сыры мен кәсіп бастаудың жолдарын айтып берді.