World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 21.07.2017

Казинформ 

Алты облыста бұршақ пен дауыл болжануда


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 шілде күні еліміздің басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың батысында, оңтүстік батысында,  оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында  жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Казинформ 

Алматыда Халықаралық шахмат күні аталып өтілді


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық шахмат күніне орай өткен балғын алматылықтардың ойынына халықаралық гроссмейстр, Халықаралық шахмат федерациясының арбитрі, жаттықтырушы, Шахмат мектебінің жетекшісі Флюра Хасанова қосылып, өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Белгіленбеген жерден пойыздың жолын кесіп өткен ақтөбеліктер айыппұл төледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Теміржол аса қауіпті аймақ» рейді өтті. Себебі, музыка тыңдап келе жатқан ер адам жүрдек пойыздың дауысын естімей қаза болып, тағы бір адам аяғынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандық дзюдошы ел тарихындағы тұңғыш сурдолимпиадалық медальға қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есту қабілеті төмен спортшылар арасында Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Сурдолимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Шаяхмет Қанапиянов күміс медальге ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысындағы алюминий шығару зауытының жұмысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ға барып, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы өндірісті жаңғырту барысымен танысты, дп хабарланды primeminister.kz сайтында.

Казинформ 

Ахмат Қадыровтың Отаны - Қарағанды облысына Грозныйдың мэрі келді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Шешенстан Республикасының алғашқы президенті Ахмат қажы Қадыров дүниеге келген Малая Сарань кентіндегі естелік орындарға Грозный мэрі Муслим Хучиев барды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Беларусьте «қара» риелторлар өлім жазасына кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінің Могилевский облыстық соты бүгін алты адамды өлтірген  және тағы үш адамды өлтіруге дайындалған қара риелторлардың ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлады БЕЛТА.

Казинформ 

СҚО-да 800-ге жуық талапкер кешенді тестілеуден өтті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің стратегиялар және халықаралық әрекеттестік жөніндегі проректоры Айдос Мұқатаев ҰБТ нәтижесі мен кешендік тестілеу жайлы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Лондонда АХҚО жанындағы құқықтық консультативтік кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган - Құқықтық консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады АХҚО баспасөз қызметі.

Казинформ 

Елбасы Үндістанның жаңа президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақстанда кәсіпкерлер үшін СЭҚ талаптары 85 пайызға қысқартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігінде Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобының кезекті отырысы өтті, онда бизнестің мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметімен байланысты шығындарын қысқарту бойынша аралық жұмыс нәтижелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.            

Казинформ 

ҚР Премьер-Министрі «Павлодар» АЭА-дағы бірқатар нысандарды аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) аралады және онда іске асырылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Казинформ 

Павлодарда бизнес қауымдастығын толғандырған мәселелер талқыланды - Үкімет

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП-ның Павлодардағы өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу барысында бизнес ортаны дамыту мен шағын және орта бизнес өкілдерінің экономиканы жаңғырту жұмыстарына қатысу мәселелерін талқылады, деп хабарлады primeminister.kz.

Казинформ 

«Атамекен» білім беру саласындағы үздік жобаларды анықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Тамыз конференциясы аясында "EduTech" атты білім беру саласындағы кәсіпкерлік жобалардың байқауы өтеді. Байқаудың ұйымдастырушысы - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Болашақ" түлектерінің қауымдастығы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Орынборлық студент жалға алған көліктерін қазақстандықтарға сатқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ІІМ Орынбор ММ ТБ Ленин ауданы солтүстік-шығыс бөлігі аумағында қылмысты тергеу бөлімінің өндірісінде облыс орталығы тұрғындарынан төрт көлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс жатыр, деп хабарлады  "Время 56".

Казинформ 

«ЭКСПО-2017» көрмесінде оңтүстіктің көрікті жерлерінің 25 суреті қойылды

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінде оңтүстіктің көрікті жерлері бейнеленген 25 суреті қойылды. Әртүрлі фотографтар түсірген суреттерді шетелдік қонақтар тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да әрбір төртінші мемлекеттік мекеме түрлі заңбұзушылықтарға жол берген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір төртінші мемлекеттік мекеме түрлі заңбұзушылықтарға жол берген. Бұл туралы өңірде жүргізілген аудиторлық тексерудің қортындысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.