World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 27.07.2017

Казинформ 

Қарағандыда өзін-өзі атып өлтірген көлік иесі жөніндегі істі тергеумен прокуратура шұғылдануда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының прокуратурасы мас күйінде көлік жүргізгендігі үшін әкімшілік  хаттама толтырылған, кейіннен өзін-өзі атып өлтірген автомобиль иесіне байланысты тергеуді полициядан қайтарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Теміртауда жас құтқарушылар бәсекесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 29 шілде күні Теміртау қаласының балаларға арналған «Факел» сауықтыру лагері аумағында қалалық, аудандық  жас құтқарушылар жарыстарының жеңімпаздары мен айрықша дайындалған оқушылар құрамалары қатысатын «Жас құтқарушы» облыстық бәсекесі өтеді.

Bilim-all 

Эндокриндік бездер

Қалқанша без мойынның алдыңғы жағында орналасқан, ересек адамда 50-60 грамм шамасында. Оң және сол бөлігі, оны қосып тұратын мойны бар.

Казинформ 

SCAT Ыстанбұлда ұшақтардың соқтығысуына түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі Ыстанбұл әуежайында компанияға тиесілі ұшақтың басқа әуе кемесімен соқтығысып қалуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Аттракциондағы оқыс оқиғадан 1 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Американың Огайо штатында жәрмеңкеде аттракционның бұзылуы салдарынан бір адам мерт болып, бес адам ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды NBC4i телеарнасы.

Казинформ 

Астана маңындағы тұрғындар Astra көліктік картасын қолдана алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктік карта құны 400 теңгені құрайды. Жолаушылар қала маңы автобустарына алдыңғы есігінен картаны белгілеп немесе билет сатып алу арқылы кіреді, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.

Казинформ 

ШҚО-да қатты дауыл қайталануы мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО ТЖ департаментінің құтқару қызметі 28 шілде күні өңірде қатты дауыл соғуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

«Астана LRT» басшысы Талғат Ардан қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» ЖШС-ның басқарма төрағасы Талғат Ардан қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева да растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Голливуд актері Джон Малкович Астанадағы онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері, «Оскар» сыйлығының екі дүркін номинанты Джон Малкович Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесіп қайтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Дәурен Абаев қазақстандықтарды белгісіз батырлар туралы жазуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды белгісіз батырлар жайында жазуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Үйірлі шегірткелер саны азайып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшылары шегірткемен күрес бойынша атқарылған шаралар жөнінде баяндады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Moody's Қазақстан рейтингі болжамын тұрақты деп өзгертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін Ваа3 деңгейінде құптап, кері болжамын тұрақтыға көтерді. Бұл жайында аталған агенттіктің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Жамбылда демалушылардың көзінше бала суға ағып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Демалыс аймағында бассейнде демалып жатқандардың көз алдында 12 жастағы ер бала суға ағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Әкесі мен інісін айуандықпен өлтірген баламды кешірмеймін - сотталушының анасы


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі мен інісін өлтірген Медет Тапаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол ішімдік ішіп, бір күнде әкесі мен інісін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Дәурен Абаев: «Ашық үкімет» - демократиялық қоғамды құрудың бірден бір жолы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт жоспарында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бесінші институционалдық реформа ретінде белгіленген болатын. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, «100 нақты қадамда» аталған реформаны іске асыруды көздейтін бірқатар шаралар толығымен атқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ұлттық брендті анықтау өтінімдерінің ешқайсысы елең еткізе алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық брендін анықтау конкурсына түскен өтінімдердің бірде-бірі зор қызығушылық тудыра алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.