World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 28.07.2017

Казинформ 

Токиода Қазақстанның антиядролық бастамаларының таныстырылымы өтті

БЕЙЖІҢ-ТОКИО. ҚазАқпарат - Токиода Ядролық сынаққа жаппай тыйым салу жөніндегі келісімге арналған Оңтүстік Шыңғыс Азия, Тынық мұхит аймағы және Қиыр Шығыс елдерінің халықаралық конференциясы өтті. 

Казинформ 

Шымкенттіктерді Жерге жақын ұшқан белгісіз нысан таңдандырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттіктер кеш батысымен аспанда ұшып жүрген нысанды көріп таң қалды. Әппақ белгісіз нысан  жәйменен қалықтап ұшып, түтіндетіп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.  

Казинформ 

29 шілдеде солтүстік пен шығыста жел күшейеді, оңтүстік пен батыста - аптап ыстық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, шығыс және орталығында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр  жауып, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Brent мұнайының бағасы өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы ICE биржасында 2017 жылдың қыркүйегінде жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 0,8% ұлғайып бір баррелі үшін 52,02 долларды құрады. Бұл туралы сауда-саттық мәліметтеріне сүйеніп ТАСС агенттігі хабарлады.

Казинформ 

«Канело» Головкинмен жекпе-жекке қалай дайындалуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Fight Game Youtube-каналы мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өтетін айқасының алдындағы жаттығулар видеосын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

«Нұр Отан» білім саласының «үздік» жемқорларын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол картасын іске асыру жайы қаралды. Осы жолы білім саласындағы жемқорлық мәселесі талқыға салынды. Айта кеткен жөн, партия ол жұмысты ҚР Мемлекеттіқ қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге атқарып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ташкентте Қазақстан кино күндері өтеді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан мәденит саласында тоғыспалы іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұл туралы кездесу барысында Өзбекстандағы ҚР елшісінің кеңесшісі Фархад Абдухалықов пен «Өзбеккино» ҰА бас директоры Атабек Мусаев уағдаласты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандық масс-медиа қызметкерлері түрік телеарнасының жұмысымен танысты

АНКАРА. ҚазАқпарат - TRT телеарнасында масс-медиа мен IT қызметкерлері үшін халықаралық оқу семинары өтті. Түркия халықаралық ынтымақтастық пен даму агенттігінің шақыртуымен (ТЫДА) Анкараға тәжірибе алмасу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина, Моңғолия мен Ирактан мамандар келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Сағынтаев «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік нысандарын аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік нысандарын, олардың ішінде ЖЭЦ-2 және №3 домна пешін аралады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Казинформ 

Асылжан Бектай Азия чемпионатының қола жүлдегері

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Катмандуда (Непал) қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Асылжан Бектай қола жүлдені еншіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Үкімет басшысы Қарағандының автожолдарын реконструкциялау барысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Қарағанды - Теміртау» автокөлік жолы аумағында «Нұрлы жол» аясында жүргілізіп жатқан «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізінің реконструкциялау жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Казинформ 

Кәрім Мәсімов триатлоннан Қазақстан чемпионатын ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 шілдеде Астана қаласында триатлоннан Азия чемпионаты, ал 30 шілдеде Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді. Қазірге дейін Азия чемпионатына 10-нан астам елден 40-қа жуық триатлоншы қатысуға өтініш берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Тау туризімін дамыту бойынша Алматы мен Грузияның ынтымақтастығы талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тау туризмін дамыту жөніндегі халықаралық форумда шетелдік туристерді тарту үшін Алматы мен Грузия арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.